Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі татулықа,бірлікке үйретті. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты жаудан қорғап,болшақтағы ұрпақтты ойлап,олар татулық,бірлікпен болсын деп айтқан.
Ата – бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын – сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады