1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (52-аудио). Автордың көзқарасын білдіретін
сөйлемдерді анықтаңдар.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақтар ала білуге
тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз
қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз
керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мəнгілік Тәуелсіздігімізді
көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан-2050» -
Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан
айнымайық, қадірлі халқым!