Не?
2-тапсырма. кестедегі тірек сөздер мен 1-тапсырмадагы иллюстрацияларды қолданып,
«Қазақстанның табиғаты» тақырыбы бойынша мәтін құрастыр.
Қазақстанның табиғаты
қандай?
не істейді?
таулар
биік, қарлы
сән береді
өзендер
таза, терең, ұзын
нәр береді
көлдер
терең, тұнық
жануарлар мен құстардың отаны болады
ормандар
қалың, тыныш
жеміс-жидектер мен жануарлардың отаны болады
Демалыс орындары
керемет, таңғажайып
демалады
Составьте с этими словами о природе и ТД Казахстана текст
Менің ойымша, бақыт деген былай:
Адам армандап, мақсат қойып, жоспар әзірлеп, сол жоспар жолында дисциплиналы түрде өзін қадағалап нәтиже шығара білуі! Сол жолда ол түрлі кедергіге, қызықтар мен қиыншылыққа тап болады, соны бастапқы арманы үшін бұзып өтеді. Халқымызда сөз бар: "армансыз адам, қанатсыз құспен тең!". Адамдар нақты арман, мақсаты, қажетті білімі мен біліктілігі болмауы себепті рухани кризиске, жаманшылыққа, депрессияға ұшырайды. Мақсат болмаған соң әрекет те аз болады, әрекет тек өлместің күнін кешумен ғана шектеліп, алтын уақыты босқа кетіп, мына өмірдің қызығының дәмінен аз ғана татып көру ықтималдығы жоғары болатын сияқты. Әрбір мақсат жолындағы түрлі қиыншылықты жеңіп, нәтижені бағындыру, кейін оны еске алуы бір рақат сияқты. Ол арман жалғыз болғанмен, арман шеңберіндегі мақсат көп болуы мүмкін, мысалы: отбасын құру, оны асырау, бала-шағасына бір белесті бағындырып беру (тәрбие беру, денсаулығын қадағалау, қыдыртып-ойнату, оқу оқыту, секцияға жазып нәтиже шығарту, қадағалау), сол жолында комфорт жасау: сезондық киімдер, үй, көлік, бизнес жасау. Халқына пайда әкелер іспен, бизнеспен, ғылыммен де айналысу. Бұл жағдайда адам өзі де, өзгені де бақытты етеді және бұны әркім жасай алады, бұл жерде ешкім ешкімге міндетті емес, тек жақсылық жолындағы әрекеттер және оның қайтарымы міндетті түрде болады.