Сондай-ақ, Наурыз көжені халық арасында "тілеу көже", "көп көже" деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналғандар "ақ мол болсын" деп тілек айтып таралады.
Халқымыз сонау заманнан бері мал шаруашылығымен айналысқандықтан болар наурыз көженің құрамына міндетті түрде төрт түлік малдың еті қосылады. Мұнымен қоса, су, дәнді дақылдар, май, айран, сүт, тұз, кей кезде құрт, жылқының сүрленген қазысы, қартасы қосылады.
Сонымен қатар, Еnergyprom.kz сарапшыларының мәліметтеріне сүйінетін болсақ, биыл көктемде жарма бағасының 1-4 пайызға, айран 6 пайызға, ет 8-10 пайызға арзандағанын айтып өту керек.
Айта кетейік, Қазақстанның өңірлеріндегі наурыз көженің құрамы ерекшеленеді.
Мысалы, Солтүстік Қазақстанда наурыз көжеге қақталған ет, су, күріш, тұз, ұн, қарта, май қосса, Орталық Қазақстанда тұратындар наурыз көжеге шұжық, қазы, су, арпа жармасы, май, айран, мейіз, тұз қосады екен. Ал Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары Ұлыстың ұлы күні көжеге қақталған ет, су, арпа жармасы, күріш, тары, құрт, тұз қосады. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да наурыз көженің құрамымен ерекшеленді – олар көжеге қақталған ет, су, тұз, сәбіз, арпа жармасы, мейіз, сүт немесе айран қосады екен.
Объяснение:
қалғаның білмеймін
ответ:Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов. Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол - қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай кедей ақындардың күнкөріс кәсібіне айналып, бағасы түскен өлең сөзді өз биігіне қойып, оқырманның, тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Ақынның бұл саладағы ұлы қызметі орыстың классикалық әдебиеті эстетикасымен, Белинский, Чернышевский көзқарастарымен ұштасып жататыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген.