Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.
Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін.
Сақтардың соғыс стратегиясы – әлемдік прогресс
Осынау ұлан-ғайыр өлкенің түрлі климаттық ауысымында, сан қилы жер бедері мен таулы-шөлейтті, далалы аумақты мекендей отыра сақтар сол және содан кейінгі кезеңдерде әлем халықтарының экономикалық дамуында ірі прогресс саналған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығын дамытты. Бүгінгі таңда ашылып жатқан археологиялық орасан зор табыстарға қарап отырып, сақтардың мәдениеті биік дәрежеде дамығанын, әсіресе соғыс ісінің деңгейі жоғары болғанын, жауынгерлік өнердің аса күшті қарқын алғанын байқаймыз. Былайша айтқанда, көне дәуірде атты әскерді дайындау, атты соғыс өнеріне тарту, сол арқылы діттеген жерге тез жету секілді механизмдерді іске асырған сақтардың соғыс тактикасы бүгінгі таңдағы ғарыш әлемін игерген озық елдердің ісімен пара-пар болған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтардың тайпалық одағы темір өндіріп, алтын күміс қорытуды да жетік меңгерген және оны күнделікті тұрмыс-тіршілікте ғана емес, соғыс өнерінде де мақсатты түрде пайдалана білді. Қазақстан территориясынан табылған көне металлургия орындары, түсті және қара металдар кеніштері сақтар дәуірінде жақсы дамығанын көрсетті. Әсіресе мысқа қалайы, мышьяк, қорғасын, күміс, мырыш қоспаларын қосу арқылы қола мен жез алынуы, тіпті қола индустриясының гүлденген кезеңі сақтар заманына тән еді. Ал алтын тотығуға ұшырамайтын, түрін, қасиетін ұзақ жылдарға дейін тұрақты сақтай алатын өзіндік мықты материал ретінде сақтар үшін орны ерекше болды. Бұған бір ғана мысал есебінде есік қорғанына табылған әйгілі Алтын киімді Адамның қару-жарақтарына жапсырылған алтындар мен Шіліктідегі Бәйгетөбеден аршылып алынған үшінші Алтын адамның киіміндегі сом, құйма алтындарды айтсақ та жеткілікті.
Объяснение:
Вот
Шығарма
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...
Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.
Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.
ответ:Қазақстан
Объяснение: