ежелгі адамдарАдамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?
Қу тірлікпен қиқулап барамыз да,
Тек пайданы жапсырдық санамызға,
Сен жақсылап көз салшы айналаңа,
Жомарт жандар бар екен арамызда.
Бермесе Алла байлықты күремек кім?
Тағдыр жазса əркімге түнемек мұң,
Кейбір сəтте өзіңді қойып көрші,
Орнына осы бір мүгедектің.
Жан мен тəні жаралы адамдарға,
Көмек бергің бойыңда шамаң барда,
Жақсылыққа жақсылық қайтады əркез,
Тілегіңді береді сағанда Алла