М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
кошачка278
кошачка278
07.06.2022 22:49 •  Қазақ тiлi

Туған жер туралы 5 жол олен (синквейн)​

👇
Ответ:
nyrlan13531
nyrlan13531
07.06.2022

кандай ыстык мекен един кымбатты,

сенен гана кордим асем сымбатты.

неге екенин билмеймин журекте,

саган деген таусылмастай жыр жатты.

4,4(59 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kamilaiks466
kamilaiks466
07.06.2022

Ата-ананың қадірін білмеген -  халық қадірін білмес.

Халқымыздың байырғы ұғымында баланың анасы алдындағы парызын өтеуі ана сүтін ақтау деп аталады. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры. Ал нәресте өмірінің нәрі – Ана сүті.

Ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді.

Теңіздей тербелген өмір толқындарынан баласын аман алып қалу үшін барын салады. Сондай зор махаббатпен өсірген өрені қартайған шағында мейірімге бөлер ме екен? Баласының болашағы үшін бар өмірін арнаған ата-анасы қартайып аз ғана көрер жарығы қалғанда оны сүйіспеншілік пен мейірімге бөлей алмаған адамның адамгершілігі бар деп айту қиын. «Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің» деп бабаларымыз жырлағандай «ата-анаға не істесең, алдыңнан сол шығады». Анаңды құрметтемесең, анадан несін туасың? Адамды құрметтемесең, адамнан несін туасың? – деп жырлаған екен халқымыз. Қандай өркениетте болсын, қандай ұлттарда болсын ата-анаға деген құрмет ешқашанда өзінің құндылығын жоғалтқан емес, ата-анаға ең биік орын беріп ерекше бағалайды. Ұл-қызымыз ұлағаттылықты ұстанып, инабаттылыққа ұмтылып, арын кірлетпей, кіршіксіз таза ұстап, ата-ананың алдында адалдығынан ажырамай өмір сүрсе, аналар да жыламас еді, жетімдердің де көзі жәутеңдемес еді.

Перзент – ата-ана еккен ағаштың жайқалған жасыл жапырақтары, әке мен шешенің өз қолдарымен мәпелеп өсірген ағаштың көптен күткен жемісі. Алғашында ата-ана перзент панасы болса, кейін керісінше әр перзент ата-ананың панасы болуы оның пенделік, перзенттік парызы. Қызын қуыршақтай, ұлын құлыншақтай қылып алақанында аялап өсірген жемісінің дәмін тату, бейнетінің зейнетін көру – әр адамның арманы. «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» депті бағзы бабаларымыз. Ата-анасының қадіріне бармаған бала құдды құрт түсіп, шіріген жеміс іспетті. Бала емес, бәле өсіргенін кейіннен түсіну – көңілдің күйікті күйініші, өзекті өртейтін өмірдегі өкініші.


4,6(51 оценок)
Ответ:
szelenkooz1uqs
szelenkooz1uqs
07.06.2022
Қазақстанның балалары. Мен Қазақстанның бір баласымын. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Менің замандастарымда  өздерін бақытты санайды деп ойлаймын. Мен өзге ұлт ұрпағымын. Бір кездегі зобалаң заманда Қазақ жерінен пана тапқан ұлттардың біріміз. Мен қазақша таза сөйлеймін. Қазақтың салт-дәстүрлерін жақсы білемін. Себебі, мен ауылда қалың қазақ балаларының арасында өстім. Мектепті биыл бітіремін. Жоғарғы оқу орнында оқуға талаптанудамын.  Я, один из Казахстанцев. Я эти горжусь. Думаю, мои сверстники тоже, так считают. Я из другой национальности. Но, разговариваю на казахском. Я вырос в ауле, среди казахских детей. В этом году заканчиваю школу. Собираюсь поступать в ВУЗ.
4,8(86 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ