Аспан әлемі -жұмбақ әлем. Ғарышқа адамдар ұшып барып келіп жатырған ғасырда не қылған жұмбақ дерсіз? Алайда күндіз көгілдір,түнде түпсіз тұңғиық аспанға қарап жатып,аржағында не бар екен деген ойға қалмау мүмкін емес!Мен де солай ойлаймын. Әрине, ғылымның дамыған заманында,көзі ашық,көкірегі ояу адамның аспанда не бар екен деп ойлануы күлкілі де шығар? Ондағы жұлдыздар,аспан денелері, құйрықты жұлдыздар, осы күнге дейін ашылмаған жұлдыздар -бәрі тылсым дүниенің жұмбағы емес пе? Мысалы "Жетіқарақшы", "Үркер", "Таразы" тағы да басқа деген шоқжұлдыздар атауы қалай пайда болды? Бұл да мен үшін қызық. Қазақ халқы жұлдыздарға ,аспанға қарап, ауа райын болжайды. Мысалы, жаңа ай шалқасынан жатып туса,күн суық болады,жұлдыз көп болса,күн ашық болады. "Халық айтса-қалып айтпайды" дегендей, өмірдегі тәжірибесімен-ақ дана халқымыз аспанға ұшпай-ақ, аспан әлемінің сырын білген сияқты. Дегенмен, біз білмейтін жұмбақ көп...
Объяснение:
80сөзден көп
1.Домбыра✅
2.Домбыраның ежелден келе жатқан киелі аспап екенін,жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылатындығын бейнелейді.✅
3.Автор домбыраны қазақтың жүрегінен жарарғындығын айтады. Себебі домбырадан шыққан әрбір әуен адам жүрегіне жетпей қоймайды.✅
4. Домбырадай әлемде аспап болмаған . екі ішекті аспаппен әлем музыкасына жол ашқан. Домбыраны болашақ ұрпақ қадірлесін, бағаласын деп аманат қып қалдырып отыр.✅
5.Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.✅
Объяснение:
1) Адамның көңіл-күйін білдіретін тұрақты тіркестер:
Екі езуі екі құлағына жетті (қатты қуану)
Жұлдызы оңынан туу (жолы болу)
Талағы тарс айырылу (қатты ашуланды).
2) Достық қарым-қатынасты білдіретін тұрақты тіркестер:
Ақыл қосты (дұрыс кеңес берді)
Арасынан қыл өтпейді ( өте тату болу)
Әңгімесі жарасты (жақсы сөйлесу)
Қаймағы бұзылмау (ауызбірлікте болу)
Қол ұшын беру ( көмектесу)
Тонның ішкі бауындай (өте жақын,өз адамындай)
Шаң жуытпу (қорғаштау)
Іші бұру (біреуге жанашырлық жасау).
вроде так