Менің оқитын мектебім осы жылы ғана салынған жаңа, биік, екі қабаттан тұрады. Ауласы кең, жақсы жабдықталған спорт алаңы бар. Аулаға жас шыбықтар әдемі гүлдер отырғызылған. Мен мектепке алғаш келгенде ертегілер әлемінде жүргендей болдым, себебі мен шағын разъездегі бірнеше сынып бір бөлмеде, бір мұғалімнен дәріс алатын мектептен келген едім. Сын есім заттың сыны сапасын, түсін білдіріп қандай? қай ? сұрақтарына жауап береді. . Мен екі мың он бірінші жылы мектепке бардым. Мектепте заман талабын сай жабдықталған барлық кабинеттер бар.
Әр ұлттың ұлттық киімдері бар. Қазіргі уақытта ол киімдер ұмыт болып бара жатыр. Мысалы: қазақ халқының ұлттық киімі: кимешек- бұл әжелер мен аналардың бас киімі, сәукеле- ұзатылатын қыздардың бас киімі, бешпент- бұл жеңіл сыртқы киім. Бұл киімдер өте әдемі. Сол сияқты әшекей бұйымдар болған, оны зергерлер жасайтын. Әдемі алқа- мойынға тағатын, сақина- саусаққа тағатын, сырға құлаққа тағатын, білезік- білекке тағыларды. Бұл әшекейлердің бәрін әр зергер өз өнерін салып, дайындайды. Менің әжемде осылардың бәрі бар.