Менің туған жерім.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» демекші, мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Сондықтан ойымды «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалмен тәмамдағым келеді.
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады. Көктем келгенін біз өз отбасымызбен қуана қарсы аламыз. Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады. Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді. Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса, кемпірқосақта түрлі-түсті болып көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.