М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
adeluka5
adeluka5
19.08.2020 20:09 •  Қазақ тiлi

Әлем тыныштығы, ел тыныштығы туралы құрмалас сөйлемдер құрастыры, кесте жазыңдарСалалас құрмалас: Сабақтас құрмалас: Аралас құрмалас: ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
TBONBATYA
TBONBATYA
19.08.2020

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

4,8(71 оценок)
Ответ:
kjhf2225
kjhf2225
19.08.2020

Құлақ беру

Бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне: «Мə, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» - деп береді. Міне, бұл «құлақ беру» деп аталады.

Көз жегізу

Әдетте білікті, тəрбиелі үлкен кісілер бас мұжығанда «көреген болсын, əділ болсын» деген ниетпен, бастың екі көзін алып, өзі қалаған балалардың біріне: «Мə, балам! Көреген көсем бол, қара қылды қақ жарар əділ бол, халқыңа алаламай тең қара!» деп оған беріп жегізеді. Міне, бұл «көз жегізу» делінеді. Қазақ халқы екі көзді бір адамға береді. Екі көзді екі адамға берсе, алакөз болады немесе əділдіктен тайып, бұра тартады деп қарайды.

Тіл жегізу

Әдетте, көреген қариялар мен тəлімгер əжелер тілдің ұшын «дұшпанның тілі кесілсін» деген ниетпен кесіп тастап, онан соң «айтар сөзі көмекейіне кептеліп қалмайтын шешен болсын» деген ниетпен көмекейін тілден бөліп алып, тілді-жақты болсын деген бір балаға: «Мə, балам, үлкендердің тілін ал, жезтаңдай шешен бол!» деп тілді беріп жегізеді. Міне, бұл «тіл жегізу» деп аталады.

Таңдай беру

Қазақ салтында, қойдың басын мұжып отырған үлкен кісілер бастың таңдайын алып, қатты қабыршағын аршып, онан соң, оны өзі қалаған бір баланың алақанын аштырып қойып: «Шешен бол! Бұл бұл көмей, жез таңдай əнші бол!» деп, таңдайды алақанына ұрып береді. Сол кезде оны бала шап беріп ұстап алса, онда сол бала ерекше шешен, əнші, жыршы болады деп есептейді. Міне, бұл «таңдай беру» деп аталады.

4,5(59 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ