-aaсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Жатта. Табиғат, сен - тіршілік тұнып тұрған, Сен - күнсің көтерілген күліп қырдан, Сен - келсін, Сен - ормансың, Сен - бұлбұлсың Адамға сұлулықты шын ұқтырған. (М. Мақатаев)
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
әжемнің ертегілері есімде, кішкентай едім, үзік⁻үзік есімде қалыпты, әжемнің қасында жатып ертегілерін тыңдайтынмын. сол бір сағымға, арманға айналған күндерімді сағындым. бұл естеліктер мен үшін өте құнды. сол күндерді кері оралту үшін бәріне дайынмын, бірақ қызық, дәл мендей осындай тілекті біреу тілейді ме екен? мен үшін қымбат естеліктің асылдығын өзгелер асыл деп қабылдайды ма екен? біреулер материалдық құндылықтарды арман қылад. біреулер көңілі жай болуды қылад арман және тағысын тағы. ал өткеннін қайта оралмасын, жүректен орын аларлар өткен өтсе, әр қайсысы бір бөлшектен әкетерін және сол орын бос қаларын ойлайтын кімдер? мені түсінерлер кімдер? иә, өмір толы сұрақ. келісемін, жауабы табылмас сұрақ. білемін, кері қайту мүмкін емес, бірақ жүрекке әмір бар ма? әжемнің ертегілері мәңгі жадымда сақталары хақ. сол үшін де мен шексіз разымын. Аллахқа мың алғыс!
Объяснение:
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/
© e-history.kz