Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.
Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемСұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуыСұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі; сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
Нұр-Сұлтанның көрікті жерлері:
1)Есілдің жағасы. Мұнда барлығы – жастар, зейнеткерлер, бір-біріне ғашық жандар, спортшылар, музыканттар, балықшылар, туристер келеді. Жағалауда көз тартатын көріністерді тамашалап, суретке түсіп, Есілде шағын кемемен жүзуге болады.
2)«Бәйтерек» монументі Астананың жергілікті тұрғындарының өзі ешқашан көрмеген немесе оған өзге қалалардан келген туыстарын қыдырту үшін өмірлерінде «бір-ақ рет барған» деген пікір қалыптасқан. «Бәйтерек» монументі – мегаполистің ең басты көрнекті орындарының бірі. 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшірудің символы ретінде елбасының бастамасымен салынған.
3)«Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы әлемдегі ең үлкен шатыр ретінде белгілі. Бұл жерде көптеген бутик, мейрамхана, дәмхана, кинотеатр, балалар алаңы, тіпті жағажайға дейін бар.
4)Халық арасында «пирамида» аталып кеткен Бейбітшілік және Келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайын өткізу үшін арнайы салынған.
5)«Думан» сауық орталығының океанариумы мұхиттан 3000 шақырымда орналасқан.
Және де тағы да басқа көптеген көрікті жерлер бар.