М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ГузоАдела
ГузоАдела
19.02.2022 13:46 •  Қазақ тiлi

Можете Через час здовать упр

👇
Открыть все ответы
Ответ:
kz2388
kz2388
19.02.2022

Спорттық жаттығуларының бәрі де адам денсаулығына пайдалы. Соның ішінде суда жүзу арқылы денсаулықты нығайтып, сырт келбеті де ажарландыра түсуге болады. Сонымен қатар жүзу – адамның өзін-өзіне сенімді жүруіне, жұмысқа деген құлшынысты, белсенділікті арттырады. Бүгінгі таңда кез-келген жанның суда жүзумен айналысуына мүмкіндік бар. Жүзуді үйренуге деген құлшынысыңыз болса, болғаны оны тез үйреніп алуға болады. Себебі, жүзудің денсаулыққа пайдасы өте көп.

Суда жүзудің пайдасы:

1. Жүктілік кезеңмен қоса, жүзу буын, омыртқа аурумен ауыратын­дар үшін өте пайдалы. Суда жүзген адамның бүкіл бұлшықеттері қозға­лысқа түсіп, денесі шынығады. Алдайда, бұл да жүзудің түріне байланысты.

2. Суда жүзу жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алып, қан айналымды жақсартады. Себебі, суда жүзген кезде қарын, қол, иық, бөксе жақсы жұмыс істейді.

3. Адамның тыныс алуын да қа­лыпқа түсіреді. Себебі, жүзуден көкірек қуысы кеңейіп, тыныс ашылады.

4. Суда жүзумен қатар, судың ішінде жүрудің де пайдасы зор. Ол үшін суы терең емес бассейнді таңдап, суда жай жүрумен, жүгірумен айналысып көріңіз.

5. Жүйке-жүйесін айтарлықтай тыныштандырып, күйзеліс жағ­дайынан тез арылуға көмек­теседі. Себебі су адамның барлық дене мүшесіне әсер етіп, оған массаж жасайды әрі босаңсытады.

6. Суда жүзу ұйқысыздыққа қарсы ең күшті ем.

7. Бұл спорт түрімен шұғылданған адамның ағзасы кез-келген ауруды жеңіп шыға алады әрі оны оңай жұқтырмауға қарсы тұра алады. Сонымен қатар, суда жүзетіндерге ауа-райының бұзылысы да оңайлықпен әсер ете қоймайды.

8. Суда жүзу арқылы тез арықтауға болады. Себебі, суда жүзу кезінде жүгіргеннен де көп калория бөлінеді.

Есіңізде болсын!

Барлық спорт түрлері секілді суда жүзудің де өзіне тән зиянды тұстары бар. Ең әуелі созылмалы жұқпалы аурулармен ауыратын адамдарға және терісі зақымданған жандарға уақытша суда жүзуден бас тартқан дұрыс. Сонымен қатар, кардиологиялық аурулармен ауыратындар да әуелі дәрігерімен кеңесіп қана суда жүзуге болады. Оның өзінде қанша уақыт суға түсуге болатынын да біліп алған дұрыс. Мұндай кезде суы жылы бассейнді таңдаған артықтық етпейді. Себебі салқын судан ауру асқынып кетуі мүмкін.

4,6(64 оценок)
Ответ:
sedoidenis2000
sedoidenis2000
19.02.2022

Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен суйекқап болады . Сүйекқаптың астыңғы бетінің жасушалары бөлініп, сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйекқап арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйекқапқа тікелей байланысты. Сүйекқапта қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан, сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20-25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін — бейағзалық, ал қалған үштен бір бөлігін ағзалық заттар құрайды. Ағзалық заттар - иілгіштік, серпінділік, ал бейағзалық заттар беріктік қасиет береді.

4,7(7 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ