"Аққудың айырылуы"
«Аққудың айырылуы» поэмасы шын мәнінде кімнің болса да көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. «Аққудың айырылуын» лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі.
Сәкен ақынның бұл поэмасы - қазақ сөз өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен. Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі.
Поэмадағы басты идея: Табиғатты қорғау керек; cұлулықты бағалай білу керек; өмірде қатыгездіктің болуы; аққу құс мәңгілік махаббат иесі; екі аққудың аянышты тағдыры.
Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей сыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Жалпы, бұл туынды - Сәкен ақынның ақындық қарымын танытқан поэма, қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.
Оксфордтағы екі қабатты автобусАвтобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды