1-тапсырма. Сен шетелдік досыңа хат жаз. Хатында «Көкшетау – Қазақстанның
Швейцариясы» деген тезисті қолдан және Көкшетаудың табиғатын сипаттап жаз.
Досыңды Кокшетауға шақыр. Хат құрылымын сақта.
Тірек сөздер:
Сәлем хат / Сәлеметсің бе / қалай қандай жаңалық демалыста / Қазақстанның табиғаты
У көрікті жерлер көп / Қазақстанның Швейцариясы / Бурабай көлі / мөлдір / қарағайлы
орман / Оқжетпес / Жұмбақтас / аңыздар / кел күтемін сәлеммен
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
2 ОТАН
Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.