М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dsfsksgsms
dsfsksgsms
22.04.2023 08:24 •  Қазақ тiлi

1 Фонетика дегеніміз не?
2 Омоним, антоним, синоним дегеніміз не?
3 Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
4 Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
5 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
6 Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйлемнің
түрлерін атаңыз.
7 Іс қағаздары дегеніміз не? Іс қағаздарының түрлері.
8 Өмірбаян қандай құжат? Өмірбаянда қандай
мәліметтер жазылады?
9 Өтініш қандай жағдайларда жазылады?
10 Мінездеме қандай құжат?

👇
Ответ:
zaraza8999
zaraza8999
22.04.2023

1)Фонетика-тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

2)Омоним-шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Синоним-тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.

Антоним-мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.

3)Тоғыз сөз табы бар: 1. Зат есiм 2.Сын есiм 3.Сан есiм 4.Етiстiк 5.Есiмдiк 6.Етiс 7.Шылау 8.Одағай 9.Елiктеу сөз.

4)Сөйлем мүшелері-сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. 

5)Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құрай алмайтын,тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыштарды айтамыз

6)Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

7)Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

8)Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат. Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады. 

9)Өтініш-Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;

10)Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

4,8(6 оценок)
Ответ:
Qwiq
Qwiq
22.04.2023

1)Фонетика - (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.

2) Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.

Антоним (гр. ἀντι- — қарсы, ὄνυμα — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.

Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.

3)Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді:

Зат есім (бет, қол)

Сын есім (қызыл, биік)

Сан есім (бір, жүз)

Есімдік (мен, сен)

Етістік (бару, жазу)

Үстеу (тез, таза)

Шылау (үшін, туралы)

Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың)

Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау)

4) Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері.

Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.

5)Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.

6) Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем

7) Іс қағаздары — басқару қызметіндегі негізгі бір сала.

Түрлері:өмірбаян

түйіндеме

жеке іс парағы

визит-кард

өтініш

арыз

== Басқару, өкім шығаруға қатысты іс-қағаздары == * Заң

үкім

өкім

Жарғы, жарлық

Ереже

хабарлама * бұйрық

8) Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жасалған ресми құжат.

Әдетте оқуға түсу, жаңа қызметке орналасу кезінде жазылады

9) Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады

10)Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

4,8(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
annalukyanova7
annalukyanova7
22.04.2023
Ада-гүде тез біз емтихандар тапсыру боламыз, ша қазақ,орыс, математике және биологияға. Тапсыр- емтихандарқиын. Бірақ қатал мәжбүрле- себя оларға дегендайындал-. Ша қазақ және биологияға біз билеттердіоқимыз, ша орыс диктант жазу боламыз және шаматематике шеш- бақылау жұмысты. Емтихандар - сол бірөмірлік сынақтардан. Қарамастан және қашан емтиханөтеді, сен сезесің, не ең қатал - сол себя емтиханғадайындық және настрой.Қарамастан және при табыстытапсыр- сен мынадай қанағатты аласың, не бой көрсетеді,барлық өмірлік жолдар алдым сенімен ашық!
4,8(99 оценок)
Ответ:
ЭтоКтоТо
ЭтоКтоТо
22.04.2023
 Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде ме­кендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жа­татын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар­лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы­ғашы.

Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топ­танып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар.

Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.

Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.

Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы­ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құй­рығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:

Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.

Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.

Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…
4,5(40 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ