Мәтіндегі толықтауыштарды тауып, құрамына, тұлғасына, сөз табына қарай талдаңдар.
Өз басынан кешкен оқиғаларды да мүдірмей, жақсы әңгімелейді. 2. Он үшінші номерлі штурмовикпен Талғат тапсырма орындай бастады. 3. Оған қарай совет самолетінен оқ атылмады. 4. Авиацияда қалыптасқан бұл қағиданы Талғат бірінші боп бұзды. 5. Ол штурмовикпен истребительге шабуыл жасады. 6. Бірақ мұны Талғат ешкімге айтып жатпады. 7. Кешікпей оған мені шақырды. 8. Корпус командирі менімен амандасқан соң, «отыр» деді. 9. –Бұл дивизияның атақты мергені Төлеуғали Әбдібековке берген кеңесі.
2-тапсырма.Мәтінді түсініп оқы. Жай сөйлемдерді бір бөлек, құрмалас сөйлемдерді бір бөлек жаз. Құрмалас сөйлемдерді жасалу жолына және түрлеріне қарай ажырат.
Оны мен де сездім. 2. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 3. Шошып тұрмын, алайда ілгері қарай ұмтыла бердім. 4. Меңтайдың алдында жатқан сиясауытты көргенде осы оқиға есіме түсті. 5. Ол қорқып кетті, сондықтан артқа қарай шегіншектеді. 6. Ми айналып жерге түсердей ыстық. 7. Жігіттің қызды жақсы көруінің себептері көп, бірақ оның бәрін ауыз шіркін айтып жеткізе ала ма? 8. Біз кейде қызықты әңгімелер айтып күлеміз, кейде соғыста мерт болған достарымызды ойлап жылаймыз. 9. Басқа қыздар мырс ете қалды. 10. Хатымды бүктедім де, тез почташыға бердім.
3-тапсырма.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Ілік септігі бар сөйлемдерді теріп
жазыңыз.
Вкус этого супа. Фрукты нашего сада. Запах свежего лука. Домашняя еда.
Вкусные булочки. Вчерашний хлеб. Восточные блюда. Национальные
блюда.
4-тапсырма. Күрделі сан есімдерді оқыңыз.
1956, 1234, 982, 3597, 799, 4702, 642, 1008, 9531, 7894.
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қыс айлары ... ?
2. Қыста күн ... болады?
3. Қыста ... жауады?
4. Көктемде ... ұшып келеді?
5. Күзде ... піседі?
6. Күзде жапырақтар ... болады?
7. Күзде базарда, дүкенде ... көп болады?
8. Балалар ... шомылады?
9. Жазда ... гүлдер өседі?