М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
198912
198912
05.05.2021 03:42 •  Қазақ тiлi

В этих источниках нифига нет, только легенды у вас какая вода в шайтанколь, пресная или солёная?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
timurbir1
timurbir1
05.05.2021
Менің туған жерім- егеменді қазақстан менің туып өскен жерім - егеменді қазақстан. қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. сол жерде біздің ата-, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «отаның-алтын бесігің», «отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. өз отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата- елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. өйткені отан біз үшін оттан да ыстық.
4,8(95 оценок)
Ответ:
derment1
derment1
05.05.2021
  Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын.  Қазақстандай  елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын.  Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ  елінде 16 млн-ға  жуық  халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне  отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз  мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте  дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған.  Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың  ішінде дами түсті, көркейіп, өз  экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы  саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын,  оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел.  Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте  алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен  саудаласып, экономикасын дамытуда.Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы  жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
4,4(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ