Қой, бұрыш, ара, қыс сөздері екі мағынада қолданылатындай етіп, сөйлемдер құрастыру.
Бүгін ауылдағы қойларды жайылымға шығаратын менің кезегім келді.
Шаш кептіргішті қолданып болғаннан кейін орнына жинап қой.
Салатқа қосатын ащы бұрыш таусылып қалып, дүкенге баруға тура келді.
Кішкене қарындасыңды байқап отыр, үстелдің бұрышына басын ұрып алмасын.
Аралар гүлден гүлге қонып, тынымсыз бал жинайды.
Демалыс күні әкем екеуміз есік алдындағы қисайған ескі ағашты аралап, кесіп тастадық.
Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім.
Етігім аяғымды қысып, үйге әрең жеттім.
Менің ойымша:Сержанның анасының қасында болғаны дұрыс. Себебі, анасының көрсеткен қамқорлығын, жылулығын ешкім көрсете алмайды. Аялы алақанымен жүрегін жылыта алмайды. Сержан ауылда ата-әжесінің тәрбиесіне үйрене алмады. Ол өзінің үйіне қатты қайтқысы келді. Ол Есмағамбеттің арқасында өзінің үйіне қайтып, анасының жанына барды