ответ:Біздің отбасымыз өте тату және бақытты. Біз бәріміз бір-бірімізге көмектесеміз және ешқашан ант бермеуге тырысамыз. Әкем кітап оқығанды және барлығына қызықты оқиғалар айтқанды ұнатады, ал анам әлемдегі ең дәмді тағамдарды дайындайды. Мен ата-анамды қатты жақсы көремін. Олар мені ешқашан ұрыспайды, тіпті мен кінәлі болсам да, тек қатені түсіндіремін, ал мен өз кезегімде енді ешқашан қайталамауға тырысамын.
Менің отбасым ең жақсы екеніне сенімдімін. Мен әрқашан ата-ананың қамқорлығын сезінемін. Ол маған күн сайын күш пен сенімділік береді. Отбасы жылуы мен үшін қасиетті, ол жылынып, қуаныш сыйлайды. Мен қай жерде болмасам да, мен әрқашан үйге отбасыма оралғым келеді.
Объяснение: надеюсь
Ғылым мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде мектеп кітапханасының қызмет көрсету ауқымы электронды ресурстармен толығуы керек. Заманауи ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де, кітапхана маңызды буын болып саналады. Мектеп кітапхана ісін автоматтандыру жүйесі оқырмандарға қажетті электронды ақпараттар қорын жинақтап, оны компьютерлік желілер мен интернет жүйесі арқылы жеткізудің негізгі құралы екені анық.
Кітапханаларды автоматтандыру деп – кітапхана қызметкерлерін толығымен кітап сақтауды жинақтауда, қайта өңдеуде, анықтамалық ақпараттарды орындауда көптеген қиындық туғызатын мәселелерден босатуды айтамыз.
Кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты- кітапхана қызметін жетілдіріп, ашық ақпарат кеңістігінде ақпарат түрлерін еркін пайдаланып, ақпарат және кітапхана-библиография қызметін кеңейту, ақпараттарды оқырманға тез және ыңғайлы түрде жеткізу, сонымен қатар кітапхана жұмысына жаңа ақпарат-тық технологияны енгізу.
Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек? Бүгінгі ақпараттық техникалық үрдістің даму барысында ақпараттың мүмкін-діктері мол жаңа техникалық құралдардың пайда болуы заңды құбылыс. Бұрынғы дәстүрлі «кітапханашы - оқырман - кітап» жүйесіне жаңа буын компьютер енгізіліп отыр. ХХI ғасыр ақпараттық қоғам ғасыры, бұл өркениеттің жаңа түрі десе де болады, сондықтан жаңа әлемге үлкен дайындықпен, білім және компьютерленген өмір шындығын дұрыс бағалап, түсіне отырып аяқ басу керек. Ақпараттың дұрыстығы мен сапасына деген сенімді қалыптастыру кітапханашының жауапкершілігінде болмақ. Маңызды мәселелердің бірі-кітапхана базасында электрондық кітапхана құру. Электрондық кітапхана –оқырмандарға қызмет көрсету барысында жан-жақты мүмкіндіктер жиынтығын қолдану аясын кеңейтеді. Электрондық кітапхана –қордың бір бөлігі, әрі ақпараттық технологиялардың жаңа элементі. Электронды кітапхананың мәлімет базалары бағдарламалық-техника жиынтығын қолдана отырып құрастырылады, құжаттарды машина оқитын түрге айналдыру жұмысы жүзеге асырылады, құнды топтамаларды сақтау және олардың электрондық көшірмелерін жасау арқылы сирек әдебиеттерге, басқа да мәліметтерге еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету, жеке жинақтарды құру сияқты жұмыстарды атқарады.