М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
artemvershinin
artemvershinin
05.02.2022 22:59 •  Қазақ тiлi

Үлкен аю шоқжұлдызы неліктен солай аталған?

👇
Ответ:
adamabiev
adamabiev
05.02.2022

Ежелгі заманда Каллисто атты сұлу да, мінезі жайдары ару болыпты. Аңшылар құдайы Артемиданың (рим аңыздары бойынша Диана) айналасындағы арулар арасында ол ең тартымдысы болған екен. Бірақ ол өзін жоғары санамай, бәріне тең қарап, шын жүрегінен шыққан жақсылығын жұрттан аямайтындықтан жұрттың құрметіне бөленіпті әрі басқа арулармен бірге бақытты өмір кешіпті.

Зевс ордасына қайтып оралып, әлемді басқаруын жалғастыра береді. Оның қылмысын жазалауға, оның күнәсін сұрастыруға кімнің қауқары жетсін. Бірақ бейшара Каллисто көргілік көреді. Ол көз жасын сүртіп, үнсыз түрде тобына қайтады және қанша азаптанса да сырын білдірмеуге тырысып, өтірік күлімсіреуге тырысады. Бірақ, енді бұрынғы Каллисто жоқ еді, ол қашанда басын төмен салып, ұяла жерге қараумен болады, бетіндегі күлкі табы да өшеді. Ол ендігі жерде жұрттан оқшауланып, үнсіз түрде ойға батып отыра беретін болады. Аң аулауға бұрынғыдай әуестенбейді, аңға шықса да бұрынғы қайраты мен мінезін көрсете алмайды, есі шығып, әрқашан аңды қашырып жіберумен болады.Сөйтіп Гера құпия түрде ормандағы Каллистоның қасына келіп, оны аяусыз қарғап-сілейді, ауыр сөздермен боқтайды. Каллисто оған жалынса да тыңдамай, оның киімін дал-дұл етіп жыртып, жерге жығып алады да "Мен сенің көркіңді құртамын! Екінші ешкімді аздыра алмайтын боласың!" дейді. Осылайша Гера ханым іштей дұғасын оқиды. Каллистоның әппақ денесіне қап-қара жүндер өсіп шығады; әдемі саусақтарына өткір тырнақтар өсіп шығады; қып-қызыл еріндері жойылып, өткір тісті жуан ауызға айналады. Гера Каллистоның бұл істерді Зевске айтып қоюынан қорқады да, оның сөйлеу қабілетін де жоқ қылады. Сөтіп Каллистоның әдемі дауысы күңіреністі гүрілге өзгереді. Сонымен бір дем ішінде Періште секілді әдемі ару Каллисто жоғалып, орнында үлкен бір аю пайда болады.

Бейшара Каллисто ормандағы аң аулау нысанына айналады. Аңшылар күні бойы таулы орманда оны тырқырата қуумен болады. Ақшылардан қашып-пысқан ол әбден титықтайды. Бұрынғы бейбіт те көңілді күндер ақырласып, қайғыдан қан жұтқан ол көз жасын төгіп тоқтамай жылай береді, өзін нашар тағдырға кіріптар еткен Зевсті қарғайды.

Осылайша 15 жыл да сырғып өте шығады. Бұл кезде кішкентай Аркас есейіп атпалдай жігіт болады. Ол шешесі Каллисто секілді батыл, қайсар, тамаша аңшы болады. Бір күні Гера Аркасты көріп қалып, жауының баласының осынша сом денелі батыр болып өскеніне қатты қапаланып, тағы да өштік сайлай бастайды.

Зевс найзағайы, мыс, IIғ.

Бір күні Аркас қолына ұзын найзасын алып, орманда аң қарап жүргенде кенет бір үлкен аю оған қарай жүріп келеді. Бұл аю оның шешесі Каллисто еді. Ол бұл аңшы өзінің 15 жыл бұрынғы кішкентай Арасы екенін біліп, оған жүгіріп келіп құшақтамақшы болады.

Бірақ Аркас көз алдындағы аюдың өз шешесі екенін қайдан білсін! Ол аюдың өзіне тап бергенін көріп, ұзын найзасымен Аюды аяусыз піскілейді. Дәл осы трагедиялы сәтті Аспаннан Зевс көріп қалады. Ол Баласының шешесін өлтіруіне шыдай алмай, құдірет дұғасын пайдаланып, Аркасты да кішкентай Аюға айналдырып жіберді. Сонда барып кішкентай Аркас өз шешесін танып, жүгіріп барып шешесінің құшағына құлайды, сөйтіп шешелі-балалы екеуі қатты қуанады.

Зевс бұл екеуінің енді қайтып жамандыққа ұшырауына жол бергісі келмей, оларды аспанға көтеріп жібереді. Оларға аспандағы жұлдыздар арасынан салтанатты орын береді. Сөйтіп солтүстік аспанындағы екі шоқжұлдыз Үлкен аю шоқжұлдызы (онда Жетіқарақшы бар) және Кіші аю шоқжұлдызы (онда әйгілі Темірқазық жұлдызы бар) қалыптасады.

Гера қанша ашуланса да Зевске беттей алмайды, бірақ ол Артемидаға осы екі аңның соңынан қуып, оларды атып өлтіруге бұйырады. Сөйтіп екі аюды қуалаған Артемидадан аспандағы Аңшы шоқжұлдызы (Boötes) пайда болады. Ал ол жетелеген екі ит Тазылар шоқжұлдызына (lat. Canes Venatici) айналады.

Гректер Үлкен аю шоқжұлдызы аспанда айналып, ешқашанда Көкжиекке батпауына қарап, мұның бәрі Гераның сұмдығы деп есептеген. Асылы, Гера Аңшы мен Тазыларға шешелі-балалы аюлардың артынан мәңгі қуалауды тапсырып қана қоймай, ағасы — Теңіз құдайы Посейдоннан көмек сұрапты. Посейдон қарындасы Гераның жалған сөздеріне сеніп, оның талабына келісіпті. Сөйтіп, барлық жұлдыздар шығыстан шығып батысқа батса, бір уақ көкжиектің артына жасырынса, Теңіз құдайы Посейдонның мекеніне барып "тынықса", тек шешелі-балалы аюларды ғана Посейдон теңізге, көкжиектің астына жолатпапты. Бірақ бұл Каллистоның Аркастың қасынан бір елі ажырамай, Гераның басқа қулық ойлауынан сақтап тұруға пайдасы да тиіпті.

4,8(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ruslapanazavr
ruslapanazavr
05.02.2022

-Сәлем Сәуле

-Сәлем Алуа

-Қалайсың

-Жақсы өзіңше

-Менің көңіл күйім керемет боп тұр

-Алуа сен қай Республикада тұрасың

-Сәуле мен Қазақстан Республикасында тұрамын

-Алуа ол қай құрлықтағы мемлекет

-Сәуле ол Еуропа құрлығы

-Алуа сен маған Қазақстанның табиғаты қандай екенін айтып бере аласыңба

-Я Сәуле айтып берейін Қазақстан жері ұлан-байтақ жер. Мен Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын.Әр жаз сайын Есіл өзеніне барып тұрамын ауасы өте керемет әрі алуан түрлі табиғаты өте әдемі жер.

-Рахмет Алуа сенің арқаңда көптеген мәліметтер жинап алдым мен міндетті түрде Қазақстанға баратын боламын

-Жарайды Сәуле кел Қазақстанның есігі әрқашан туристтерге ашық

-Саубол Сәуле

-Саубол Алуа.

4,6(32 оценок)
Ответ:
tuk33
tuk33
05.02.2022
Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
4,5(81 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ