Сарыжаз ауылында спорт десе ішкен асын жерге қоятын азаматтар жетерлік. Әлемдік додаларда көк туымызда көкке көтеріп жүрген Сарыжаздық спортшылармызда көп. Ауылдық округтің спорт нұсқаушысы Сембаев Жансерік ауыл жастарымен бірге мектеп спорт залында аптасына үш күн жаттығу жасайды. Сонымен қатар мектепте оқушыларға арналған шаңғы, қазақша күрес, бокс, дзюдо сынды спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары да бар. Заман талабына сай жасалған жаңа мектепте үлкен және кіші спорт залдары салынған. Мектеп директоры Иманбаев Айдоста спорттан алыс емес. Абу Мұрат, Тағаев Алмас, Рабат Мағжан, Спатаев Дәурен, Мұхаммедқалиев Бауыржан, Абай Мағжандар мектеп оқушыларына дене тәрбиесі бойынша дәріс береді. Бозбашаев Дүйсен боз кілемде қазақша күрестен әртүрлі жастағы балаларды жаттықтырады. Маратов Ерлік болашақтағы шаңғышыларды тәрбиелеп, ға шаңғы тебудің қыр-сырын үйретіп жүрген жаттықтырушы. Дзюдоға жазылып уақтылы шынығып жүр. Жас дзюдошылардың ұстазы Рақымбай Азамат. Сондай-ақ, Қазақбаев Ерқанат былғары қолғап шеберлерін бокс залында жаттықтырады. Болашақта әлем алдында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз арамыздан шығатыны баршаға мәлім.
Объяснение:
міне
12 сәуір – ғарышкерлер Күні. Қазақтар үшін бұл ерекше мереке. Себебі бірінші ғарышкер Юрий Гагарин қазақ жерінен ұшты. Байқоңыр ғарыш алаңы кемелерінің орталығы болды. Қазақ жері өзінің мемлекеттік марапат және жоғары атақ иегері атанған, ғарыш батырларымен мақтан етеді. Олар: Талгат Мусабаев, 15 марапат және Халық қаһарманы атағын иеленген, Қазақстан ұшқыш ғарышкері, Токтар Аубакиров - Қазақстан Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, Айдын Аимбетов - қазақ ғарышкері, бірінші рет ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының азаматы, 545-ші әлем ғарышкері. Қазақстанның Халық қаһарманы, Қазақстан ӘАҚ полковнигі. Ғарышкерлер Күні – еліміздің керемет мерекесі. Себебі ғарыш стратегиялық маңызды зерттеу нысаны болып саналады», -деп жоғары сынып Кеңес мүшелері 8-10 сыныптарда өткізілген, 5-минуттіктерде әңгімеледі.
Объяснение: