«Менің атым қалай қойылды?» шағын әңгіме.
Менің атым қалай қойылды? Деген сұрақ мені толғандырып жүрген болатын. Осы сұрағыммен анама келген болатынмын. Сонда анам маған қысқаша түрде қазақ халқының ат қою дәстүрі туралы айтып берген болатын.
Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбір отбасылар заманауи ат қойса, енді кейбіреулері ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін қояды.
Әдетте бала есімін елге сыйлы, құрметті, беделді азаматы қояды. Сәбиді қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Осылайша менің есімімді әжем таңдап, «Айша» болсын деп шешіпті. Айша – есімі мұсылман баласына қадірлі есімдердің бірі. Ол ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) адал жары, хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) перзенті, барша мұсылмандардың аяулы анасы. Менің есімім осындай мәнді де мағыналы болғанына өте қуаныштымын.
Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.