Шылауларды табу Жер, Ай, Күн - ғарыштық денелер. Олар ғарыш кеңістігінде орналасқан. Күн- Жерге ең жақын орналасқан жұлдыз. Ол - лаулап жанып тұратын ғаламшар. Ғаламшарлар - Күннің төңірегін айналып жүретін ірі аспан денелері. Ғаламшар немесе планета латын тілінде (planetes) аударғанда «кезбе жұлдыз» деген мағына береді. Күнді 8 ірі ғаламшар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун айналып жүреді. Осылардың бәрі Күн жүйесінің құрамына «9 ғаламшар енеді» деген тұжырым болған. Ұзақ жылдар пікірталастан кейін дүниежүзі ғалымдары шағын ғаламшар - Плутонды жұлдыздар қатарына қосты. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар - Меркурий (Болпан). Ол күнді тез айналып шығады. Оның бетіндегі күндізгі температура +405 С-қа дейін жетсе, ал түнде шамамен –210̊ С-қа төмендейді.
Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.
Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.
Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.
Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.
Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.