ответ: 1 . Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)— асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б. безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.
2 . Қолынан барлығы келетін, өз ісіне шебер адам
3 . Әйел адамдардың әшекейлері: жүзік, сақина, балдақ, құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау, шаштеңге, бөгіре, моншақ, алқа, тана, түйме, тұмар, т.б.
Объяснение:
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталар батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлер үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.