ответ:Сөйлем мүшелері:Бастауыш, Баяндауыш, Анықтауыш, Толықтауыш, Пысықтауыш осыларға талдайсың.
Сұрақтары Бастауыш: Кім? не? кімдер? нелер?
Баяндауыш деп сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз.
Баяндауыштар көбінесе сөйлемнің соңында тұрады да, не істейді? не болды? не етеді? қайтеді? қандай? қанша? кім? не? деген сұрауларға жауап береді.
Анықтауыш:қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Толықтауыш:Толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? не тақырыпты? деген сұрауларға жауап береді.
Пысықтауыш:Пысықтауыштардың сұраулары: қашан? қайда? (қалай қарай?) қайдан? қалай? қайтіп? не себептен? неліктен? кім үшін? не үшін? не істеуге? не қылуға? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? ненің арқасында? кімнің арқасында? не сайын? кім сайын? қанша? қанша уақыт? неше рет?
Объяснение:
-Сәлем Динара!
Динара:
-Сәлем Айдос
Динара:
-Айдос, сен Қазақтанның көрікті жерлерін білесің бе? Білсен маған айтып берші. Өте қызықты.
Айдос:
-Йә білемін, Алматы облысының Райымбек ауданында орналасқан Шарын шатқалы Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады.
Динара:
-Недеген керемеет!
Айдос:
-Шатқалдан ежелгі суретшілердің төл туындыларын көруге болады. Жабайы аңдардың бейнесі арқылы бұл аймақта палеолит дәуiрiндегі құс-жануарлардың мекендегенін аңғаруға болады. Сондай-ақ, аңшылық пен саятшылық кәсіптердің болғаны нақты айқындалған.
Дианара:
-Қандай ғажап!
Айдос:
-Шатқал бойымен ағатын Шарын өзені Алатаудан бастау алып, Іле өзеніне құяр жолында Жалаңаш үстіртін кеседі.
Динара:
-Рахмет Айдос! Сенің арқанда көптеген пайдалы және қызықты ақпараттар алдым. Осының бәрін қайдан білесің?
Айдос:
-Оқасы жоқ Динара. Мен осындай қызықты ақпараттарды түрлі кітаптардан оқыдым.
Динара:
-Түсінікті. Ал енді келесі кездескенше!
Айдос:
-Сау бол Динара.