Медеу – әлемге танымал биік тауда орналасқан бірегей спорт кешені. Осы бір тамаша әсем сарай, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктіктегі шатқалдың сұлу көрінісіне әдемі үйлесіп тұр. Шатқалдағы жұмсақ климат, күн сәулеленуінің қалыпты деңгейі, төменгі атмосфералық қысым, сырғанаққа мұз жасайтын тап-таза тау суы оған өте жақсы қасиеттер беріп, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге тамаша жағдай жасайды. Осы жерде 120 – дан астам әлемдік рекордтар жасалды.
Соңғы жылдары спорт кешенінің қызмет аясы кеңейтиілді. Мұнда футболдан, волейболдан, баскетболдан, шорт-тректен жарыстар өтіп тұрады. Медеу спорт кешенінде жүзгіштер, жеңіл атлеттер, балуандар және боксерлер жиындарын өткізеді. Мұз айдынының жанынды жүзу алабы бар, ресторандар мен кафелер жұмыс істейді.
Қазақстан туралы айтқанда, кез келген адамның ойына биік таудағы Медеу мұз айдыны алдымен еске түседі. Бұл кездей-соқтық емес, өйткені бүгінде Медеу спорт кешенінің аты бүкіл әлемге жайылған.
Қар - кішкентай мұз кристалдарынан тұрады. Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады. Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі. Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды. Қар неге ұқсайды? Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар. Жоқ жеуге болмайды . Қарда көп микробтар болады, тамағың ауырып қалады. Микробтар болатынын қайдан білеміз? Қар ерігенде суға айналады, содан көруге болады. Ал, суды қатырсақ не болады? Мұз пайда болады. Жұмбақ шешу 1. Суда қалқиды, жылыда балқиды. (Мұз) Су – ана жайлы аңызды айтып береді. «Ерте ерте ертеде су-ана өмір сүріпті. Оның үлкен отбасы болыпты. Ұлдары - тұман, жаңбыр, қар. Қыздары - шық, мұздық, және қарша қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты. Су-ана қызы мұздаққа қонаққа келеді. Су-ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз білеміз.