Президент... Бұл тіпті мыңнан бір адамға берілмейтін лауазым. Президент болу-мыңнан бір адамның қолынан келмейтін міндет. Мен қазақ жерінде, қазақ даласында өмір сүріп жатырмын. Қазақ патриотымын! Қазақстан мемлекетін көркейтуге үлес қосатын 17 млн-ның бірімін. Елімнің жері-менің жерім, елімнің Отаны-менің Отаным, елімнің Президенті-менің Президентім! Қазақстан мемлекетінің Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы ғана емес, дүниежүзі таниды. Алты жасар баладан алпыс жасар қартқа дейін қадір тұтып, құрметтеп, әрқашан да тек қана жақсылығын айтады. "Барлығына бірдей жағу мүмкін емес" болса, Нұрсұлтан Назарбаев
«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
* * * * *
Өнерлі өрге жүзер.
* * * * *
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
* * * * *
Өнерліге өлім жоқ.
* * * * *
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөз алтын.
* * * * *
Өнерлі бала сүйкімді.
* * * * *
Өнер білсең-өлмейсің.
* * * * *
Өнерлінің өзегі толмас.
* * * * *
Өнер-таусылмас азық.
Жұтамас байлық .
* * * * *
Бай болмасаң бай болма
Өнер, білімге сай бол,
* * * * *
Өнерлі қол бақытқа жол.
* * * * *
Ілім-іштегі нұр,
Өнер сыртқа салынған түр.
* * * * *
Өнер таусылмас азық,
Сарқылмас байлық.
* * * * *
Өнерді үйрен
Үйренде жирен.
* * * * *
Өнер қанат
Білім санат.