Жазылым
«Қазақ халқының зергерлік өнері» жайында диалог құрастырыңыз. Мәтінде берілген мәліметтерді диалогте қолданыңыз.
Қазақ халқының атадан балаға тарап келе жатқан өнерінің бірі-зергерлік.ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зергерлік өнер қолөнердің негізгі бір саласына айналды
Шолпы- жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралармен немесе күміс тиындардан құралған.
Сақина – саусақтарға тағатын зергерлік әшекей бұйым
Шашбау- . Ол шаштың түбіне бекітіліп, ұзына бойы шаштың ұшына дейін қоса өрілген. Сонымен қатар ол шаштың сұлулығын және қалыңдылығын байқатады.
Сырға - үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған.
Білезік - әдетте сыңар қолға немесе екі қолға екеуін, кейде бір қолға екеуін бірден тағатын болған.
Тұмарша, бойтұмарлар – күмістен жасалғаніші қуысыдыс және ол үшбұрышты, төрт бұрышты, түтікше формасында жасалады. Тұмарлар ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтап жүрген. Оның тіл көзден, пәле–жаладан қорғайтын қасиетіне сенген.
Әйел белдіктері- көбіне мақпал, жібек маталардан жасалған. Ер адамдардың белдіктері сияқты әйел адам белдіктері де металл шытыралармен, сонымен қатар түрлі бағалы тастардан көз қондырып әсемдеген.