Жер құрғауының кесірінен көптеген жануарларға қауіп Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым,
Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.
Сияқты қара қарға шуылдаған
Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.
Білмейсің жөнің менен терісіңді,
Ел болып іс етпейсің келісімді.
Үміт қып бәйге атындай талай қосып,
Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.
Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,
Шығасың қолыңа ала керісіңді.
Бытырап бет - бетіңе жөнелгенде,
Көрдік қой жайылатын өрісіңді.
Келгенде өзді - өзіңе мықты - ақсыңдар,
Қайтейін өзге десе көнгішіңді.
Сықылды сынық бұтақ төмендесең,
Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!
Досжан 1831 жылы, яғни он алты жасында бірінші рет Меккеге қажылыққа барған. 1832 жылы Меккеден 17 жасында жас хазірет деген атпен Құран-кәрімді, мұқтасарды тауысып, жатқа оқитын болып елге оралады.
Ағартушылық саладағы ең алғаш салдырған мешіті Ақтөбе өңіріне қарайтын Сам құмының етегіндегі Тасастау қайнар маңындағы Қарашың деген жерде екен. Кердері Әбубәкірдің жырында осы өңірде Досжан ишанның мешітінде сандаған шәкірт білім алды деп көрсетіледі.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев 1850-60 жылдары қажылыққа барған қазақтарды атаған кезде Досжанды «Халфе» деп көрсетеді. Софылықта бұлай деп ірі шайхтың өзі отырған жерінен шеткері аймақтағы көмекшісін айтады. Ендеше Қарашың мешіті Бұхар мешіт-медреселері сияқты таза софылық үлгідегі қадыми орталық болған деу керек.