Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 тәулік бойы соғыс
жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен Тәжік, грузин беларус, қазақ пен украин сынды
ұлттар жауға қарсы соғысты. Өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін аянбады.
Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлері көптеген ерлік көрсетті. Ержүрек жауынгер-
лер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін жетті. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде,
Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ауыр шайқастарда батырлық танытты.
Украинаны, Прибалтиканы, Қырымды, Белоруссияны, Кавказды жаудан тазартты. Польша,
Болгария, Румыния, Венгрия, Чехославакия, Германияда жеңіс туын көтерді.
Сол отты жылдарда рухы күшті отандастарымыз араласпаған бірде-бір шайқас болмады.составить 2 во
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.