Тапсырма
1.Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жазыңыз. (Прочитайте текст и ответьте на во Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген.
Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз.
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал -мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді.
1. Бабаларымыз ежелден нені аса жоғары бағалаған?
2. Айтыста ақындардың несі анық байқалуы тиіс?
3. Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі не?
4. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер қандай қызмет атқарады?
2.Сөздерді сәйкестендіру.(Сопоставьте слова)
Суырыпсалма рифма
қарсылас пара
шешен слушатель
ұйқас импровизатор
тәңірі поэтический
жұп оратор
тыңдарман бог, всевышний
ақындық противник
3. Берілген сөздердің синонимін тап. (Найдите синонимы слов)
Бұрынғыдан
Ойда
Жарыс
4.Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірі туралы мәлімет жазыңыз. (Напишите информацию об одном из акынов по вашему выбору).
5. Берілген сызбаны толтырыңыз.(Заполните данную диаграмму)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды.
Мәтін[өңдеу]Қазақстан әнұраны1. Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны (1943—1992)2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (1992—2006)3. Менің Қазақстаным (2006 жылдан бастап)Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Елбасын ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
Қазақ КСР әнұраны[өңдеу]Толық мақаласы: Қазақ КСР әнұраны1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.[2]Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді.[3].
1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны[өңдеу]Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.