М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

с сором по казахскому молю вас отзовитесь нужна

👇
Ответ:
meizum2luba
meizum2luba
14.02.2023

Дұрыс екен

Дұрысемес

Дұрыс

Дұрыс

Дұрыс емес

2 Шалбың тілі Зивгрид деп айтуғуэа келмеді,сондықтан Зекен деді.

3 сәлем доыс. Қалайсын? Казақ жерігэніңде өз құпиялары бар екенін білесің бе?.Оның бірі Әнші құм.Оның өз аталуының сыры бар.Ол әнші кұм аталу себебі ол жерде әдеміәуен ойнап тұрады.Жел соғып тұрғанда үн естіліп тұрады.Міндетті түрде сол жаққа бар.

4,4(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
pakapika
pakapika
14.02.2023
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл қазақстандықтарды Қазақстан халқынің бірлігі күнімен құттықтайды. Құрметті отандастар !
Әр жыл сайын мамыражай мамырдың бірінші күні біз айрықша ықыласпен – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеміз.
Биылғы жылғы 1 мамыр өзіндік ерекшелікке ие. Біз қоғамдық келісім мен ұлттық бірлігімізді бекемдей түскен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясын өткіздік.
1 мамыр – бұл әрқашан халқымыздың бірлігін паш ететін, қоғамдық келісім кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын күн.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің жарқын көрінісі. Бұл күні Отанға адалдық, елге жанашырлық, азаматтық парыз асқақтай түседі.
Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды.
Ассамблеяның ХХ сессиясындағы сөзінде ел Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев – «Қазақстандық жол жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық жетістіктің жемісті үлгісіне айналды. Бұл қазақстандықтардың еңбегі мен тұтастығының нәтижесі» деп көрсетті. Сондықтан да біздің бірлігіміз бен келісіміміз Қазақстан халқының баға жетпес қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады.
Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады!
Қадірлі достар!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, ырыс, ынтымақ, отбасыларыңызға бақыт, береке, қуаныш пен шаттық тілейміз!
Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы ** Астана, 2013 жыл
4,6(75 оценок)
Ответ:
Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясында: “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты”, – деп айрықша атап айтылған.

Бүгінгі кезеңде отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал, бұл мәселе төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына оншақты жыл болды. Қазір осыған орай республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылу жолында. Нақтылай түссек,  халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге аса бастады.

“Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы. Барын баға­лап отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады. 
Ел көңілін аударған  “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдар­ламасының басты мақсаты да осы – қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, сөйтіп бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін негізгі байлығы – бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қа­лыптастыруға негізделген. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі сонша­лықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте бастан өркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны даусыз.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жаста­рымызды осындай мақсатта тәрбие­леуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі  интеллектуалдық мектеп­терге қойылатын талаптар осыларға негізделген. 
Ағымдағы ғасыр а ң алдына шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет басшысы біліп, көріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян.

Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі жағдайымыздағы оның не­гізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек.

Пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с-ның білім туралы хадистері:

“Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді.” 
(Хадисті Әбу һурайрадан р.л.ғ. Имам Муслим риуаят етті)

“Кімде-кім білім іздеу жолына түссе Аллаһ Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Әлбетте, ғұламалар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирхам қалдырған жоқ, ғылымды мұраға қалдырды. Кімде-кім Пайғамбарлардың с.ғ.с. мирасын алса, мол үлесті алған болады.” 
(Хадисті Әбу Дардадан р.л.ғ. Имам Термизи, Имам Әбу Дауд риуаят етті)

“Ғалымның қарапайым мұсылманнан артықшылығы, Менің сендердің ең төменгі дәрежедегілеріңізден артықшылығымдай. Шын мәнінде Аллаһ Тағала және Оның періштелері, аспан мен жердегілер, тіпті ұясындағы құмырсқа мен теңіздегі балықтар да адамдарға жақсылық үйретушіге салауат айтады (яғни, Аллаһтың игілігін тілейді).” 
(Хадисті Әбу Үмәмәдан р.л.ғ. Имам Термизи риуаят етті)

“Дүниеде қызығушылық тек екі нәрседе. Бірі: Аллаһ Тағала бір кісіге дәулет беріп, оны хақ (шариғат бұйырған, яғни зекет, садақа т.с.с.) жолға жұмсаса. Екіншісі: Аллаһ Тағала бір кісіге даналық беріп, ол кісі сол арқылы дұрыс төрелік етсе және оны басқаларға үйретсе.” 
(Хадисті Ибн Масғудтан р.л.ғ. Имам Бухари, 
Имам Муслим риуаят етті)
4,5(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ