М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
барынмай
барынмай
03.05.2022 09:19 •  Қазақ тiлi

Қазақ кино өнері туралы эссе​

👇
Ответ:
Cingareda
Cingareda
03.05.2022

Ғасырға жуық мерзімді кері шегерсек, қазақ киносының кино әлеміне әупірімдеп қадам басқан кезеңіне табан тірейміз. Әлбетте, кино әлеміне нық-нық қадамдар жасап, сол әлемде таңба қалдыру осы саланың ұшынан ұстағандар үшін өте қиын болды. Өнердің алтын сандығы іспеттес қазақтың кино өнері өз жеңісін Қазан төңкерісінен кейін бастады. Алғаш рет 1938 жылы "Ленфильм" киностудиясында түсірілген "Амангелді" фильмі көгілдір экранға жол тартты. Сондай-ақ фильм ең алғашқы белгілі тұлғаға арнап түсірілген туынды еді. Бұл фильмнен кейін де қазақ кино қоржыны еншісін көрермен көзайымына айналған талай кинотуындылармен майлады. Бүгінгі жаңа әртістер, жаңа кинолар, жаңа режиссерлер өткен күннің елесіне айналған ғасыр бұрынғы туындылардың ізін суытпай, қыл көпірін жалғап келеді. Әрине, бұл қазақ киносының белгілі дәрежеге ие екенінің айғағы. Алғашқы фильмдер 1925-1946 жылдар аралығында түсірілді. Кейін "Қазақфильм" киностудиясының түсіруімен 1972 жылы Сұлтан Қожықовтың толықметражды "Қыз Жібек" көркем фильмі өз көрерменімен қауышты. Міне, осылайша, отандық фильмдер бір арнада тоғысты. Бұл жылдарды тағы кері шегерсек, 1991 жылдан бері қарай жарыққа шыққан туындылардың дөп үстінен түсеміз. Дәл осы уақыттан беріге дейін қазақ киносы жаңа өркендеу баспалдағына көтерілгендей.  Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы киностудиялардың саны да едәуір өсті. Мемлекет енді ғана аяғынан тұрып жатқанда, өнердің бұл саласы бірде шеткері, бірде ілгері жүріп жатты. Туындылардың жарыққа шығуына ең үлкен кедергі киностудиялардың шығынға ұшырауы еді. Жекеменшік киностудиялар өздерін қаражатпен қамтамасыз ете алмаған соң, мемлекет те аянып қалмады. Соның арқасында тек авторлық фильмдерді ұсынып жүрген киностудиялар, түрлі жанрдағы фильмдерді де түсіруге қол жеткізді. Осыдан кейін мемлекет пен киностудиялар арнайы келісімшарт жасасып, кино өндірісінің дамуына айтарлықтай қолдау көрсетті. 1997 жылдан кейін елде кино саласы тоқырауға ұшырады. Бұл тек қазақ кино саласында емес, жалпы Орта Азия елдерін қамтыған үдеріс болды. Ал бұның себебін анықтау әлеуметтанушылар мен киносыншылардың еншісінде. Ал жаңа бетбұрысқа көшу өнердің бұл саласында айқын көрінді. Тарихи туындылардың қатары көбейді. 2000 жылдан бері қарай жарыққа шыққан тарихи кинолар жиынтығын: "Көшпенділер", "Сардары", "Жау жүрек мың бала" фильмдері құрады. Бұл тек тарихи кинолардың бірен-сараны ғана. Бір қызығы, 2005 жылдан жоғары көтерілгенде жаңа леп, жаңа толқын уақыты келіп жетті. Бұл уақытта продюсерлер мен режиссерлердің жаңа сарыны қазақ кинематографиясының көшіне ілесіп үлгерді. Осы уақыт аралығында белсенділігімен көзге түскен - Ермек Тұрсынов. Ол бүгінге дейін біраз кинолардың сценарийы үшін қалам серіпкен. Оның ішінде, "Жат", "Шал", "Кемпір", "Кенже" және т.б фильмдердің режиссері және сценарисі болды. Кейін бұл көштің соңын Баян Алагөзова, Нұртас Адамбай, Нұрлан Қоянбаевтар жалғады. "Ғашық Жүрек", "Ғашық Жүрек -2", "Осторожно, корова", "Махаббатым жүрегімде", "Траторшының махаббаты", "Баян сұлу", "Сиситай", "Я Пышка" фильмы жарық көрді. Дәл осы типпен Нұртас Адамбайды да атасақ болады. Жастар арасында фильмдері айтарлықтай беделге ие болған продюсер 2014 жылы шыққан "Келинка Сабина" арқылы көпшілік жұртқа танылды. Нұрлан Қоянбаевқа келер болсақ, ол ең алғаш "Бизнес по-казахски" фильмімен бастап, ары қарай осы фильмді жалғастырды. Қазір қазақ фильмінің дамуына өз үлесін қосып жүргендердің қатарынан.  2019 жылы тарихи мәні зор "Томирис" фильмі жарық көрді. Фильм сюжетінде: Тарих, сенім, намыс, елге, жерге деген шекіз құрмет пен риясыз махаббаттың өрнегі кесетеленгендей. Жылына бір мәрте болса да, тарихи фильм түсіру, жас ұрпақ үшін тым пайдалы әрі қызықты болмақ.  Өз тарихын, өткен-кеткен өмірін, тегін, ата-бабаның көзіндей болған жердің қандай зұлматпен келгенін білу - әр қазақ баласының парызы іспетті. Сондықтан тарих пен кино тамырласып, астасып жатуы тиіс. Кітап оқымайтын ұрпақ, көгілдір қораптың төрінен орын бермей, кино көреді. Сол үшін тарихи жанрдағы фильмдерді түсіру қомақты қаржыдан бұрын, саналы ұрпақтың санын көбейтуге септігін тигізеді.  

4,8(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kfkkffkdkd
kfkkffkdkd
03.05.2022

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ұстаз,ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттарстилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құ

4,8(51 оценок)
Ответ:
незнаю178
незнаю178
03.05.2022

Әлемдік қақтығыстар азаматтық және әскери шығындар санымен бағаланады.Бұл ауқымды соғыстар жылына 1000-нан аса адам өліміне алып келеді.Әлемдік қақтығыстардың себептеріне келетін болсақ оған елдің ішкі саясаты әсер етеді.Мысалы:Сирияда революциялық суреттер салған жасөспірімдер қамауға алынып,азапталғаннан кейін қалаларда шерулер өткізіліп,Башар Асадтың режиміне наразылық білдірген.Бұл наразылық бүкіл елге таралды.Үкімет өз тарапынан наразылық білдірушілерді террористер деп айыптады.Кім кінәлі?Үкімет кінәлі,наразылықты күшеймей тұрып басып,наразы топпен,ел тыныштығын ойлап бейбіт келісімге келу керек еді.Ресей мен Жапония екі алпауыт ел,Куриль аралдары үшін ұзақ уақыт бойы егеске түсіп келеді.Мысалы: 1904-1905жылғы соғыстарда Жапония жеңіске жетіп,Куриль мен Сахалин аралдарын жапондықтар иеленді.Ал 1945жылы Жапониямен болған соғыста Кеңес әскері жеңіп аралдар Кеңес одағының қол астына өтті.Кейін Ресей басшылығы қақтығыстардың шешілгенін жариялағанымен Жапония көңілі толмай аралдарды қайтаруды талап етіп отыр.Кім кінәлі?Екі мемлекетте кінәлі,келісімге келе алмаған.Әлемдік қақтығыстарды болдырмау үшін әр ел өз ішінде өріс алып келе жатқан қақтығыстарды тоқтатуға,белең алуына жол бермейді.Екі елдің қақтығысында БҰҰ және аймақтық ұйымдар делдалдық атқарады.Қарулы әрекеттерге ұласып кеткен қақтығыстар келіссөздер арқылы тоқтатылады.Әлемдік қақтығыстардан шығудың бірнеше жолы бар.1.Қару қолдану.Күші басымдылығын көрсеткен жақ жеңіске жетеді.2.Келіссөз жүргізу.Екі жақта келісімге келу жолдарын іздейді.3.Қақтығысқа түсіп отырған елдердің сенімді,құрметіне ие болып отырған адамдар мен ұйымдар делдалдық жасай алады.Әлемдік қақтығыстар болмасын,әлеміміз бейбітшілікте өмір сүруіне мүмкіндік жасайық.

4,7(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ