М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vladazavialova
vladazavialova
30.04.2021 00:33 •  Қазақ тiлi

Сделайте предложение из этих слов-сырмақ, кұрал-сайман, ер-тұрман, жиһаз, киімлгіш, әшекейленген, жон тұскиіз, кейсте, басу.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
frisknilly
frisknilly
30.04.2021
Павлодар облысы – электр және жылу өндірісіне, сазды топыраққа, мұнай өңдеу өнімдеріне, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, құрылыс заттарына бағытталған өзіндік көп салалы өнеркәсіптік кешені бар Қазақстанның ірі индустриялды орталығы. Металлургия өнеркәсібінің неғұрлым ірілері “Қазақстан Алюминийі ” АҚ, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты – ТНК “Казхром” АҚ филиалы болып табылады. Тау-кен өндірісі келесі кәсіпорындармен көрінеді: “Богатырь Аксес Комір” ЖШС, “Майкубен Вест” ЖАҚ. Облыста мұнай өнімдерін өңдеу бойынша Республикадағы ірі кәсіпорындардың бірі – “Павлодар мұнай өңдеу зауыты” АҚ жұмыс атқарып жатыр. Облыстың көп бөлігі жер шарының ұлы жазық даласы болып табылатын оңтүстік шегіндегі Батыс-Сібір жазығында жатыр. Аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінің бедері өте тартымды. Жеткіліксіз өсімдігі бар сары-қоңыр түске боялған жартылай шөл қыр далада үлкен емес таулы - орманды оазисті байқауға болады. Бұл Қазақстандағы сұңғат бұрыштардың, демалыс және туристік орындарының, өңіндегі ертегіге саяхат орындарының бірі болып табылады.
            Облыс құрамына үш қала кіреді: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, төрт поселке мен он ауылдық аудан. Облыс орталығы – республиканың көне, әдемі қалаларының бірі Павлодар қаласы, ол Қазақстандағы ең ірі Ертіс өзенінің жағасында орын алған. Ақындар өлеңдеріне қосып айтқан қала кең даңғылдарымен, көшелерімен, көлеңкелі саябақтарымен, гүлзарларымен, фонтандарымен өзінің қонақтарын сүйсіндіреді, мұнда қай мезгілде болсын таза және жайлы. 
          Павлодар – солтүстік Қазақстанның мәдениет пен өнерімен танылған орталығы. Палодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдени ескеркіштерін қасиеттеп қорғайды. Мұражайлар, көрмелер, мәдениет жетістіктерінің тұсаукесерлері мұнда өте танымал және келушілерге бай. Қаланың тарихы бай және оның ертеден келе жатқан мәдени дәстүрлері бар. Павлодар Ертіс өңірі - атақты ғылым, мәдениет және өнер қызметкерлерінің Отаны болып табылады. Мұнда Қаныш Сәтбаев, Григорий Потанин, Әлкей Марғұлан, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шапық Шөкин, Жұмат Шанин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Дихан Әбілев, Шәкен Айманов, Жарылғапберді, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, Сәбит Дөнентаев, Павел Васильев және тағы басқа тек облысты ғана емес,сонымен қатар Республикаға танымал қайраткерлер туған. Ертіс бойымен ақ жартасты жолақ сияқты біздің мейірімді, қонақжай қаламыз жайылып жатыр. 
             Екібастұз қаласы 2007 жылдың 12 маусымында өзінің елужылдық мерейтойын атап өтті. Қаланың пайда болуы және тарихы Екібастұздық тас көмір орнының дамуымен байланысты. 1954 жылы алғашқы көмір алабы пайдалануға берілді. 1957 жылы Қазақстан картасында жаңа қала Екібастұз пайда болды. Қазіргі уақытта қала және ауылдық аймақ халқы 140 мың адамды құрайды. Қалада бір жоғары оқу орны, жеті ССУЗ және КЛ, қырық төрт жалпы білім беру, бес балалар спорттық, бір көркем және музыкалық мектептері, 28-ден аса балабақша, 40 емдік мекемелері жұмыс атқарады. Мәдени – ағартушылық объектілеріне орталық қалалық кітапхана, құрамында 10 этномәдени орталықтар қызмет жасап жатқан Достық үйі, қалалық мұражай, “Өнер” орталық қалалық мәдениет сарайы, қалалық мәдениет және демалыс паркі “Шахтер” жатады. 
            Ақсу қаласы (1993 жылға дейін - Ермак) — Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында Павлодар қаласының оңтүстігінде 50 шақырым жерде орналасқан. Қала аумағы және оның ауылдық аймағы солтүстігінде – Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде - Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарымен, батысында - Павлодар ауданымен және шығысында Екібастұз ауылдық аймағымен шекараласады. 
          Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Ертіспен қиылысқан жолда түрақ пайда болып, екі поселкі дами бастады: әкімшіліктік және жұмысшы. 1914 жылы жаңа Ермак поселкісінің жоспары бекітілді. 1993 жылы 4 мамырда Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді. Бірнеше жылдан кейін облыс әкімінің шешімімен 1997 жылғы 9 шілдеде Ақсу ауданының аумағы Ақсу қаласының шекарасына, ауылдық округтер мен Қалқаман поселкісі Ақсу қаласының әкімшілік қарамағына тапсырылды. 
            Қазіргі кездегі Ақсу – бұл Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы дамыған қала. Қала тұрғындары 70 000 адамды, ауыл тұрғындары 29 000 адамды құрайды. 
           Қаланың өнеркәсіптік инфрақұрылымын екі кәсіпорын құрайды: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Еврозиаттық энергетикалық корпорация электр станциясы. 
           2001 жылдан бері қала энергетиктерімен 5.580.7 миллион киловаттсағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді. 1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауыты объектілерінің өнеркәсіптік құрылысы басталды.
           
4,6(62 оценок)
Ответ:
ichinichi
ichinichi
30.04.2021

Опубликовано 1 год назад по предмету Қазақ тiлi от anime1790

1 )Қандай елді мекен қала деп аталады?

2)Қала деген атқа ие болу үшін не назарға алынады?

3)Қазақстанда неше ірі қала бар?

4)Қала мен ауылдың айырмашылығы неде?

5)Қалада қарбалас тіршілік нешеде басталады? Не себепті?

6)Қала шулы ма?Не себепті?

ответответ дан lunarabolat

Қала— тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Қазақстанда қала мәртебесіне ие 87 елді-мекен бар.

Әрине айырмашылығы бар!Қалада тұратындар көбіне салт-дәстүрді,әдет-ғұрыпты біле бермейді!Ал ауылдың адамдары,ауылда қарт адамдар көп болады ғой.Көпті көрген ата-әжелердің немерелеріне айтып отыратын қызықтары көп!Ауылдың қара топырағына аунап өскен біздің кеменгер ақындарымыз көп!Олардың ауылдың атқан таңына,батқан кешіне арнаған өлеңдерін білеміз!Ауылдан ақындар шықса,қаладан ғалымдар шығып жатады!

Объяснение:

4,5(32 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ