"Мәңгілік ел-болашаққа бағдар"
Еліміз тәуелсіздік алған шақтан бастап,дамудың даңғыл жолыңа түсті.
Еліміз, мәңгі тәуелсіз мемлекет болып қалу үшін ұлт болып жұмылып, іс атқаруымыз керек. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Объяснение:
Жырау деген - ақылгөй дана кісілер. Олар әрқашанда дұрыс нәрсе айтады. Жырауларды халық қадір тұтқан. Себебі, жыраулар халық қиындыққа душар болғанда ақыл кеңестерін айтып, халыққа дұрыс жол көрсететін . Олар тарихта қалған ұлы тұлғалар. Жыраулар сөзі - тарих шежіресі деген сөзбен келісемін. Өйткені олардың әр айтқан пікірі, дұрыс, әрі орынды болған. Жырау деген сөзді естісек, ойымызға "жыр" деген сөздің келетіні рас. Яғни жыр деген сөзден шықты. Ал жыр дегеніміз үлкен әдеби ұғым. Жырда оқығандарыныз болса, ол халықты елін сүюге, жақсы әдеттерге талпындырады. Егер бұл әдебиетте қалса, тарихта да қалды деген сөз емес пе? Яғни бізге өз тарихымызды білуге үйретеді. Сондықтан да жынды оқыңыздар.