М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Artemka1337w
Artemka1337w
19.04.2021 09:44 •  Қазақ тiлi

Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін-ді. торғайдың да шықылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «әндері» болатын. бозторғайдың әнінен кейін, торғайдың шиқылы аяқ асты болып ескерусіз қалды. өзін әншілердің санатына қосып жүрген қараторғайды күншілдік жеңді. бозторғай әндете бастаса, қабағын түйіп, ашуын шақырып: – сен-ақ шиқылдауға жалықпайды екенсің? не дауыс, не әуен жоқ, сенің әнінді кім тыңдасын,– деп жақтырмайтын. енді бозторғай жазық далаға кетіп, әндететінді шығарды. оның әнін жалпақ дала мен ондағы тіршілік тыңдады. кең аспанда салған ән бұрынғыдан да әуенді естілетін. – тым биік көтерілмесеңші. мерт боларсың, – деп аяған болады торғай. –«жақыннан тістескенше, алыстан кісінескен артық» деген емес пе, алыстан әуендірек естіледі, – деді бозторғай. 15. торғайдың әрекеттеріне баға бере отырып, өз пікіріңізді 7-8 сөйлеммен білдіріңіз.

👇
Ответ:
ApTeM098
ApTeM098
19.04.2021

Бұл мысалда кейіпкерлер құстар болғанмен, өмірде осындай адаидар болады деген ойды түсінеміз. Бозторғай даусы жағымды,ерте тұрады даланы әсем әуенге бөлейді. Өмірде де сондай өнерлі жандар аз еме . Өнерлі адамдарды халық құрметтейді,қошемет көрсетеді. Сондайда кейбір дос деп жүрген адамдар қызғаныш білдіреді.Көре алмаушылық -жаман қасиет.Торғай өзінің ақылсыздығын көрсетіп қойды.

Объяснение:

4,5(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
563836
563836
19.04.2021

Жер кіндігі дегені ортасы деген мағынаны білдңреді

Қорқыт атамыз «жер кіндігі» деп атаған жерде орналасқан дүние жүзіндегі бірінші ғарыш айлақ ретінде 20 ғасырдың символы болып табылатынын болжамдаған

Анхель сарқырамасы, Биіктігі 1054м.

Тугела сарқырамасы Биіктігі 933 м.

Игуасу сарқырамасы  Биіктігі 72 м, 300 тармаққа бөлініп ағады.

Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр.

Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай т.б.

Объяснение:

4,6(86 оценок)
Ответ:
анжела286
анжела286
19.04.2021

Отан отбасынан басталады.

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.

Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

4,7(100 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ