-Әке,бұл қандай ағаш?
-Балам, бұл емен ағашы. Өте берік, көп жасайтын ағаш. Мен отырғызайын , сен суыңды әкеле бер.
-Бұл ағашты не үшін отырғызып жатырмыз?
-Балам, бұл сенің 1-ші сыныпқа барғаныңның белгісі. Сенімен бірге ағашың да өседі.Енді күнде талыңды суарып, ит-құстан қорғап жүр.Өйткені, бұл да сен сияқты жас қой, күтім мен қамқорлық керек.
-Мен оған қалай қамқор боламын?
-Сен оны бөтен балалардың,млдың сындыруынан қорғайсың, құстардың жапырағын қиып кетуінен қорғайсың.
-Ал, енді суыңды жәйлап құя ғой, балам. Менің айтқанымды есіңде сақта. Атаңның үйінің жанындағы ағашты көрдің ғой, сол менің бала күнгі отырғызған ағашым.Қазір көлеңкесін түсіріп, бізге сая болып тұр.
-Жарайды, әке, мен де Сіздей болғым келеді. Ағашыма өзім қараймын.
Объяснение:
Бүгін ашық аспан, теңіз беті тыныш. Ұйқыдан тұрған адамның денесін тоңазытып, сергітіп жіберетін желпи соққан салқын самал ғана. Күн жарқырап, нұрын таратып тұр.
Бірден батыс жақтан көз ұшында бұлдырай көрінген ақжал толқындардың үстінен түйдектелген қою қара бұлт шығып, өрлей берді. Ол барған сайын зорайып, қанатын жайған қарақұс тәрізденіп өсе түсуде. Бірден-бірге қомақтанып, орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Біршама уақыт өткеннен кейін алғашында бір уыстай ғана болып көрінген әлгі бұлт аспан әлеміне кеңінен жайылып, батыс жақты түгелдей қаптап алды. Бұлт басқан аспан уақыт озған сайын түнере түсіп, сұрғылт тартып барады. Манағы самал жел де қатаяйын деді. Жай ғана лықси жылжып, баяу шұбатылып жатқан толқындар да үлкейіп, біріне-бірі көбік шаша қақтығысып, буырқанып, ашу шақыра бастады.