Мұнайшылар атқылаған мұнайды жеңіп, тұмшалады.
Адамдар атқа, түйеге, машинаға кейбірі жаяу, балаларымен қоса, шыңырауға қарай беттеді.
Бұрғышыларды төбелеріне көтеріп, құттықтады.
Асанбай үйіне қарай жөнелді.
Объяснение:
Мәтінді де түсіргеніңде жақсы болар еді. Қателеспесем мынадай мәтін болу керек:
Ертеңіне түс ауа шыңырау төбесіне желбіреген қызыл ту көтерілді. Бұл фонтанды бұқтырып болдық, тас бекітіп бағындырып алдық жеңдік деген белгі еді. Ысқырып-осқырып атқылаған мұнай пысқырып-түшкіріп тұмшаланып қалды. Алыстан аңтарылып көз алмай күтіп жүрген жұрт аттылы, жаяулы, машиналы, түйелі шыңырауға қарай ағылып келеді. Оттан ұшқан ұшқындай ұшып, қалың топтың екі жанында балалар ойнақтап келеді.
Қалың қол шыңырауға жетті де бұрғышыларды жұтып жіберді: көтеріп әкетті, құшақтап алды, қоршап әкетті. Мыңдаған ауыздан жарыса шыққан қуаныш сөздері қат-қабаттасып у да шу гуілге айналып кетті.
Асанбай дос құшақтардан әрең босанып, шұбырған жұрт соңында, үйіне қарай жөнелді.

- Сәлем, Ануар, қалың қалай?
- Сәлем, Аман! Жақсымын, рахмет. Өзің қалайсың?
- Мен де жақсы, рахмет!
- Көктемгі демалысың қалай өтті?
- Демалыс өте қызықты әрі пайдалы өтті десем болады: мен ата - анаммен қыдырып, Алматы қаласына бардым.
- Бұл сенің Алматыға алғаш баруың ба?
- Ия. Алматы Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала екен. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінді. Оның көркіне көз тоймайды екен. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекшеленетін көрінеді. Енді Алматы менің "сүйікті" қалам деп айта аламын.
- Ия, дұрыс айтасың. Мен де Алматы қаласын ерекше жақсы көремін. Алматының басты көрікті орындарының қай жерлеріне барып үлгердіңдер?
- Алматының басты көрікті орындары Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты мен Көктөбеге бардық. Осы сапарым маған ұмытылмас әсер қалдырды.