1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген
мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы»
негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз. «ПОПС формуласы»
Менің ойымша, ...
Оны былай түсіндіремін: ...
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ...
Ойымды былай қорытындылаймын: ...
Роботтордың шығу тарихы
Робот (чех. robot, robota — еріксіз еңбек, rob — құл; чех жазушысы К.
Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам”
мағынасында қолданылды) — антро адам тәрізді) әрекеттер,
қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін
автоматтандырылған, адам қажетіне еңбек етуге бағытталған, күрделі
кұрылғы.
Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың)
қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы
роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық
мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген
қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші,
көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады.
Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр
жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура
жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі
(су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар
мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай
құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады.
Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және
басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.)
және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін
орындайтын автоматтық машина. Адамның қатысуынсыз бір немесе бірнеше
технологиялық операцияны, өңделетін бұйымды тиеу мен түсіруді қоса
алғанда автоматты түрде орындайтын технологиялық өңдеуші
машиналардың, өндірістік машиналардың, тасымалдау және көмекші
жабдықтардың жиынтығын робот-техникалық кешен деп атайды.
Робот-техникалық кешеннің, әдетте, электрондық есептеу
машинасы (ЭЕМ) немесе микроконтроллер негізіндегі бағдарламалық басқару
жүйесі болады. Робот-техникалық кешен “адамсыз технологияны” енгізудің
негізі болып табылатын икемді өндіріс жүйелерінің бастапқы буыны болып
табылады. Робот-техникалық кешенді пайдалану жұмыс күшінің тапшылығы
жағдайында өте маңызды
Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, көңілі көтерілері анық.
«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған жөн.
Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да сұрауы бар емес пе?!
Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа балта шабумен бірдей.
Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған а бар болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп, ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас.
Табиғат,
Әшкерелеп сөкпе бізді.
Тазала, саумал ауа,
Самалыңмен
Заводтың мұржасындай өкпемізді.
Санадан гөрі кейде сезім жетік,
Сезімсіз болар менің сөзім жетім...
Табиғат,
Емде мені,
Оралайын
Өзіңсіз күн жоғына көзім жетіп! –
деп Қадыр Мырза Әли ақын жырлағандай, табиғаттан асып, одан ада тұтып ешқайда кете алмасымыз анық. Ат айналып қазығын табар. Табиғатты сүю мен аялауды қазірден бастағанымыз жөн.
Бұлақтың сылдыры мен таудың жаңғырығын, қамыстың сыбдыры мен қайыңның күбірін естіген жан еріксіз тебіренеді. Тыныштық табады. Асқар тауға шығып та, сар жазыққа көз жүгіртіп те тыныштық табасыз. Табиғатты аялаған сайын адамның да жаны аяулы болады. Жаны таза, ниеті кіршіксіз жаратылысқа айналады.
Демек, жанға шипа, көңілге медеу табар ортамызды неге сақтауға, аялауға тыры қа?!