М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ксю1239
ксю1239
03.11.2021 12:55 •  Қазақ тiлi

Мәтіннің стилін , жанрын, тілдік ерекшелігін анықтау керек .
(Стильдер - ғылыми , көркем әдебиет , ауызекі сөйлеу, публицистикалық , ресми полный ответ не по частям)

Сәулет көкжиегін жіті сезініп, кең шола білетін саңлақ сәулетші Қалдыбай Монтахаевтың соңғы жылдардағы жобалары бірінші кезекте еліміздің жаңа елордасы – Астана қаласының аумағын кең көлемде жобалауға келіп ұштасып жатты. Сөз – кірпіш, жақсы сөйлем – композиция (үйлесімділік). Ал жеке оқиға (эпизод) – “ғимарат”, кітап тараулары – “көшелер”, роман – “қала” деп айтсақ, сәулет өнерінің әсем айшықтары мен мақсат-мұратын біршама көз алдымызға келтіруге болады. Ауызекі сөзді, жеке сөздерді әркім біледі. Ал кезінде жүйесін тауып айтылған шын асыл сөз, сындарлы сөйлем жүздеген, мыңдаған жылдар халықтың жадында қалып, талай ұрпақты тебірентері хақ. Таңдамалы сәулет өнерінің туындылары да саралы ой қозғайтын осы маржан сөздердей, көргенде ет-жүрегіңді баурап әкететіндей, деміңді ішіңе тартып көз алмай қарап қалатындай болуы тиіс. Еңселі ғимараттардың есіңді алар әсемдігі оның а тигізер пайдасымен сабақтасуы керек. Сазгерлер өз өнер шығармаларын тудыруда 7-ақ нота қолданады. Саз өнері көгінде Бах, Шопен, Штраус, Чайковский, Құрманғазы, Нұрғиса, Шәмші сынды ұлы тұлғалар туған. Сәулет өнерінде ертеден келе жатқан 1-ақ бастама нота бар. Ол – кірпіш (кірпіш модулі). Біздің жыл санауымызға дейінгі І ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, гректік және римдік сәулет өнерінің тәжірибелерін жинақтаған “Сәулет өнері туралы он кітап” атты әлемге әйгілі трактат жазып кеткен римдік сәулетші әрі инженер Витрувий сонау антикалық дәуірде-ақ жақсы сәулет туындысының үш критерийін анықтаған. Олар: 1. Пайда. 2. Беріктік. 3. Әсемдік. Сәулетші өткенді еске алып, бүгінгіні жіті бағдарлай отырып, осы өнердің келешектегі Витрувий айтқан үш сынды биігін сезе алса ғана оның туындысы – архитектура, олай болмаса, онда ол – халтура. Мұның өлшемі – уақыт. Жақсы объекті – жүз жылдық, мың жылдық. Нашар объекті – бір күндік, бір жылдық. Бұл биік талғам-талапты сергек сезініп, оны өмірде жүзеге асыра білген маман ғана кәсіби сәулетші ретінде мойындалады.​

👇
Ответ:
Tigor111
Tigor111
03.11.2021

Публицистика

Объяснение:

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Mihailo23
Mihailo23
03.11.2021
. Ұннан жасалатын 
Ересек ер кісі күніне 300-400 грамға жуық, ал ауыр дене жұмысын атқарған кезде 600-800 грамға дейін нан жейді. Нанда 40 пайыздан 50 пайызға дейін углевод, сондай-ақ белок пен аздаған май бар. Бұл – нан күніне 600-1000 килокалория энергияны қамтамасыз етеді деген сөз. Демек, адам тіршілік қызметіне қажетті бүкіл энергияның ¼ бөлігінен 1/3 бөлігіне дейінін наннан алады. Нанның әртүрлі сорттарында 5 пайыздан 8 пайызға дейін белок бар. Адам нанды көп жейтін болғандықтан, оның құрамындағы өсімдік белоктары адамның белок жөніндегі жалпы қажетінің кемінде 20-30 пайызын қамтамасыз етеді.

Нан – ас атасы. Ол бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір затты қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақтар нанды қасиетті санайды. Мыжыма – ыстық нанды үзіп-үзіп сары маймен шарада араластырып жасайтын тағам. Ашығып келгенде тамақ піскенше мыжыма жеп алсаң, қарның тоқ.

Қиықша – қамырын жұқа илеп, жалпақтау әрі қиық-шалап кесіп алып, бауырсақ тәрізді майға пісіреді. Қиық-шамен шай ішсең дәмі қан-дай тәтті десеңші.

Шелпек – Айт күндерінде, аруақтарды еске алғанда, ас бергенде пісіріледі. Қамырды жұқалап әзірлеп, майға пісіреді. Шелпек жеті нан, тоғыз нан болады. 

Таба нан – тапаға салып пісіріледі. Пісірер алдында қамыр бетіне бармақпен басып ойық жасайды. Қалыпқа салып пісірген наннан таба нан әлдеқайда дәмді де құнарлы.
4,5(13 оценок)
Ответ:
livanatalya
livanatalya
03.11.2021

Астана - менің мақтанышым.

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.

4,5(21 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ