I нұсқа
1. Қай етіс түрі іс – қимылдың өздігінен орындалған білдіреді.
A) Ортақ
B) Өздік
C) Өзгелік
✓D) Ырықсыз
E) Ешбірі
2. Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз.
A) -Ын,-ін,-н.
B) -Ыл,-іл,-л.
C) -Ыс,-іс,-с.
✓D) -Дыр,-гіз,-т.
E) -Ған,-ген,-кен.
3. Іс-әрекеттің қимыл иесіне тікелей қатыстылығын анықтайтын етіс түрі қайсы.
A) Ырықсыз етіс
B) Өзгелік етіс
C) Ешбірі
D) Ортақ етіс
✓E) Өздік етіс
4. Өзгелік етісті табыңыз
A) Айтып, қалған
B) Жинас, сөйлесті
✓C) Жаздыр, үйрет
D) Таран, мақтан
E) Оқыр, болар
5. Ортақ етісті табыныз
✓A) Жастар ойласты
B) Тас қаланды
C) Әкесінен қаймықты
D) Тектілігін танытты
E) Ойланбаған кісіде ақыл болмас
6. Өздік етісті табыңыз.
A) Еден жуылды
B) Досымен сырласты
C) Сурет ілінді
D) Тастан сарай салғызды
✓E) Асыл өзі киінді
7. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ған,-ген,-қан,-кен
✓B) -А,-ып,-ғалы,-й
C) -Атын,-етін,-р
D) -Е,-іп,-ар,-ер
E) -С,-атын,-гелі,-п
8. Қай қосымша жіктелмейді
A) -Атын
✓B) -Ғалы
C) -Ған
D) -Ар
E) -Мақ
9. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Аяқта, ұқ
B) Бұзар, шабар
C) Егер, ендеше
✓D) Көргенің, айтарым
E) Жазым, басылым
10. Ырықсыз етісті табыңыз
A) Жуынды
B) Сөйленді
C) Қырынды
D) Жылынды
✓E) Киілді
11. Бірыңғай етіс жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ар, -ып,-ыр
✓B) -Т,-с,-л
C) -А,-е,-й
D) -Ғыз,-ған,ғалы
E) -Р,-с,-п
12. Ортақ етістен жасалған есім сөзді табыңыз.
A) Ол онымен қатты тартысты
✓B) Мен ол айтысты көрген жоқпын
C) Оның жағы қарысты
D) Мен оған көмектестім
E) Ол асығыс жетіп келді
13. Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз.
✓A) Танысқан екен
B) Танысты
C) Танып тұрмын
D) Таниды
E) Танитынмын
14. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Сырласатын
B) Демалып жатыр
C) Пісірді
✓D) Ызаландырмақ
E) Оқыса игі еді
15. Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.
A) Естіген
✓B) Бара жатыр
C) Келмекші
D) Ұғыпты
E) Қарарман
16. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Сөйледі
B) Сөйлеген
✓C) Сөйлер
D) Сөйлейді
E) Сөйлеп отыр
17. Етістіктің жедел өткен шағын көрсетіңіз.
A) Жеткізер
B) Жеткізкен
C) Жеткізетін
D) Жеткізеді
✓E) Жеткізді
18. Күрделі нақ осы шақ тұлғасындағы етістікті табыңыз.
A) Бір ақыл бар
B) Кетіп қалмақшы емес
C) Құс ұшады
D) Ол қайтып кетті
✓E) Біз оқып отырған жоқпыз
19. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Жүдеп қалыпты
B) Еңбек етсем
✓C) Айтқысы келген
D) Тынығыңыз
E) Амандасайын
20. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
A) Айтқаным
B) Есіме алғым келді
C) Келіссе игі еді
✓D) Бара салайық
E) Тентіретті
21. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Толқыса
✓B) Алса игі еді
C) Оқығым келеді
D) Айтсаңшы
E) Көрген
22. Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз.
A) Табыңдар
B) Түсініңіздер
C) Үйренгісі келеді
✓D) Жетсін
E) Ұнатты
23. Шартты райлы етістікті табыңыз.
A) Белінді бекем буғайсың
B) Содан кейін мені бір сына
C) Өзің білесің, біз момақан шаруамыз
D) Тенді шештірме, үйге де әбігер болма
✓E) Бір көрсем, арманым болмас еді
24. Етістіктің ашық рай түрінде түрған сөзді табыңыз.
✓A) Өнер шашпақ
B) Көрсет
C) Оқытсаңыздар
D) Қорықпасаң кел
E) Барсаңызшы
25. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
A) -атын
B) -п
C) -ғалы
✓D) -ған
E) -а
26. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) Қадірледі
✓B) Қадірлейтін
C) Қадірлеген емес
D) Қадірлейді
E) Қадірлепті
27. Осы шақтағы етістікті табыңыз.
A) Онын мақаласы жарыққа шықты
B) Той болып жатқан еді
C) Ол оқуға кірісті
D) Рұқсат сұрауға дәті шыдамады
✓E) Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде
28. Қай сөйлемде етісітік бастауыш қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз.
A) Балалы үй-базар
✓B) Сабыр түбі-сары алтын
C) Бүгін ауылда қалың думан бар
D) Абай аға, мынау – бізідң үйлер
E) Шапқан – озар, жатқан-тозар
29. Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
A) Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты
✓B) Олжабек ойланып қалды
C) Содан бері осындамын
D) Ашынғанның тілі ащы
E) Абайдың тілегі солай
30. Пысықта уыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
A) Кірпігін де сирек қағады
B) Алтын бидай дариядай шалқиды
C) Біз өзенге қарай жүрдік
✓D) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер
E) Оны сол мінезі үшін катты кадірлейтін
31. Тұйық етістікті табыңыз.
A) Оқып
B) Көрген
C) Айтпақ
D) Білгелі
✓E) Жуу
Объяснение:
Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған.
«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.
Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланысты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші