Объяснение:
Менің сүйікті қаһарманым
Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар адамға ортақ. Олай болса неге өзім де сүйікті қаһарманымдай болмасқа? Мен де Төстік сияқты бауырмал, көпшіл болып, сүйгеніме адалдық таныта аламын. Ол сияқты ата-ананы құрметтеп, оларға бақыт сыйлау міндетім. Ең бастысы, ол сияқты ақ адал болмысты, адамгершілігі жоғары адам болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды.
Объяснение:
Айтыс туралы.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай салт – дәстүрімізді дәріптеп, одан әрі жалғастыру керек.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты. Сосын осыншама жылдар аралығында қайта жаңғырып, өнер ретінде өсті. Салыстырмалы түрде қарасақ, 80-жылдардағы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыруға келмейді. Өйткені, қазір айтыстың көркемдік, интеллектуалдық деңгейі өсті. Айтыс өнерінің дәрежесі жазба поэзиямен бақталаса бастады. Айтысты көтеріп берген жекелеген азаматтар бар. Кешегі 80-ші жылдары біз бастаған кезде Манап Көкенов, Қалихан Алтыбаев, Көкен Шәкиев, Тәушен Әбуова, Шынболат Ділдебаев деген сияқты ескінің көзін көрген ақындар болды. Енді солардың ізіне жастар ерді.
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге ерекше мән беруіміз керек.