М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lider4k
Lider4k
04.12.2022 22:12 •  Қазақ тiлi

Берілген сұрақтардың біреуіне жауап беріңіз. Жауапты тиісті стильге келтіріп жазыныз.
1 Қазақстан - Байқоныр - Ғарыш
Сіз жақында ҚР Халық қаһарманы Т. Әубәкіровпен кездестіңіз. Сізбен болған сұхбатта ғарышкер сіздің, жас жеткіншектердің көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Жалпы, нақты, альтернативті, жабық сұрақ түрлерін көрсете отырып, сұхбатты жазыңыз. Жазылымда орфографиялык, пунктуациялық норманы, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз.
Нұсқаулық :
Кіріспе жазу :журналистің алдына қойған мақсаты ;
Сұхбатты жөнге келтіру, таза қағазға барлық сұрақтар мен жауаптарды жазу ;
Редакциялау : сұрақтар мен жауаптардың барлығы қаншалықты қызықты, маңызды екендігін қарап шығу, мәтінді тексеру. ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Vostafi
Vostafi
04.12.2022

Шешен сөйлеудің өнер екені – даусыз шындық! Ол жан-жақты білімді қажет етеді. Айтылатын сөздің құрылымдық сипаты, логикасы, ойды жеткізетін шеберлік, көркемдегіш құралдар мен тәсілдерді орынды қолдана білу – өнер. Оны маған арналмаған өнер екен деп жанап өтетін болсақ, онда біз өмірге қажет ең басты дүниеден құр қалар едік. Егер мұны арнайы қабілеті бар адамдар игере алады деп ойласақ, онда үлкен қателікке жол бергеніміз. Адам өмірде үлкен жетістіктерге қол жеткізгісі келсе, шешендік өнерді меңгеруі керек.

Шешендік өнердің қажеттілігін түсіндіру үшін оның жан-жақты сипатын, маңызын әр қырынан қарастырып көрейік. Мәселен, сіз қандай да бір маңызды істі жоспарладыңыз дейік. Егер ол сіздің жеке басыңызға ғана керек дүние болса, онда ойластырған соң үндемей іске кірісуіңізге болар еді. Ал бұл сіз жүрген ортаға болмаса қоғам мүшелеріне қатысы бар іс болса, онда сіз шешім қабылдау алдында, жұмыстың нәтижелі болуына көз жеткізу үшін көпшілік назарына ұсынғанды, жоспарыңызбен таныстырғанды орынды санайсыз ғой. Олай болса, ойыңызды барынша нақты, түсінікті, айқын жеткізу мақсаты туындайды. Міне, осы кезде айтатын ойыңызды өрнектейтін сөзді таңдау, ойыңызбен бөлісу «теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы» деген Абай атамыздың талабы бой көтереді. Яғни әр сөйлем уақытпен өлшенген, шекті, мағыналы да мазмұнды, көтерілген өзекті ойдың сипатын ашатын шеберлікпен берілуі керек. Бір сөзбен айтқанда, шешендік шеберлік қажет!

Объяснение:

4,7(14 оценок)
Ответ:
арт1645
арт1645
04.12.2022

Мұқағали Мақатаев-қа хат!

Әлемдік махаббат, отан шығармалырының дәрежесімен санасатындай өшпес өлең, поэмалардың авторы, қазақ поэзиясына өшпес із қалдырған шығармалар иесі, ақиық ақын Мұқағали аға сәлеметсізбе? Ең алдымен хәл-жағдайыңызды, тұрмыс-тіршілігіңізді сұрар едім. Бірақ, Алла мұндай мүмкіншілікті менің маңдайыма жазбапты. 

Сіз туылғанда қазақ әдебиеті бір сатыға көтеріліп, аспан әлемінде жарық сәуле шашқан жұлдыз пайда болды. Бойыңыздағы қазақтың, Нарынқол жерінің ақындық қасиеті дарығанына қуанғанда шығарсыз. Осы күнде сіздің шығармаларыңызды оқып, өсіп- өніп жүргенім бар. Сіздің өлеңдеріңізді оқи отырып, ақындық қасиетіңізді Пикассо, Леонардо Да Винчи қолындағы қылқаламдай елестетемін. Өлеңдеріңізді оқып отырып әлемдік суретшілер түсірген бояулардың, шығармалардың кескін- келбетін көріп отырғандай әсерде боламын. 

Мұқағали аға сіз туылғанда пайда болған жұлдыз әлі күнге дейін жарығын шашуда. Ол жарық біреулерге ем, біреулерге отанға деген сүйіспеншілік, басқасына махаббат, ғашықтық сезім таратуда. Өз заманыңызда лайық бола алмасаңызда қазірде сіздің мәртебеңізді биік, ақиық ақын деп тануда.

Мұқағали аға, сіздің жұлдызыңыз мәңгі биік болып қалады…

Объяснение:

Думаю правильно)

4,6(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ