Хеопс пирамидасының сырлары.
Пирамиданы адам салғаны рас па?
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. «Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес» деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері «жындар салған болуы ықтимал» десе, бәзбіреулері «бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі» дейді, енді бірі «жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған» деген болжамдарын ұсынып бағады.
Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді.
Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас. Енді сол тылсым қызықтарға кезек берейік.
Таңғаларлық деректер
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын «Ұлы пирамида» деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
-Әже киіз үй деген не?
-Балам бұл -тарихымыздағы ең алғашқы құрылыс үй.Көшіп қонуға арналған жәдігер.
-Оның салмағы қандай?
-Киіз үй шамамен жиһаздармен қосқанда 400 келіге жуық болады
-Киіз үй неден құралады?
-Киіз үйдің негізгі бөлшектері ол кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық
-Әже шаңырақ дегеніміз деген не?
-Ол киіз үйдің ең жоғарғы бөлімі
Осы киіз үй 4,6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады
-Әже сізден көп мәлімет алдым, РахметКиіз үй» тақырыбына диалог
«Қазақ тілі – мемлекеттік тіл»
Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.
Мен Қазақстан Республикасында туып өстім,сондықтан біздің мемлекеттік тіліміз -ол қазақ тілі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра.
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады, ол алтай тілдері семьясының түркі тілдері тобына жатады
1989 жыл, 22 қыркүйек күні республикалық референдумда қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады.
«Павлодарлық суретшілер» туралы әңгімелеңіз
Павлодардық көркем сурет музейінде көптеген суретшілердің көрмелері бар,соның ішінде танымал павлодарлық суретшілер Бота Машрапов, Виктор Поликарпов, Әнуар Игембаев, Ғалым Қаржасов және тағы басқа қылқалам шеберлері құрған.
Жақында павлодарлық суретші -кескіндемеші Ануар Игембамбаевтың мерейтойлық көрмесі Павлодар облыстық көркемсурет музейінде өтті.
Ануар Игембаев 1954 жылы 14 мамырда Павлодар облысы Ермак ауданы (қазіргі Ақсу) Грязновка ауылында дүниеге келді. 1977 жылы Алматы қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін тәмамдады. Ұстаздары: А.Аканаев, М.Хитахунов, Б.Пак. Кескіндемеші.1981 жылдан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі (1992 жылдан – Қазақстан Суретшілер Одағы мүшесі). 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Көркемөнер Академиясының академигі және Суретшілер ассоциациясының мүшесі. 2008 жылдан ҚР Көркемөнер Академиясы экологиялық орта күзеті жөніндегі комитетінің мәдени мұра сарапшысы ретінде қызмет етеді.
Ануар Игембаев - нәзік сезімтал портрет жанрының шебері, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар кескіндемеші.