М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aftorik
aftorik
23.03.2020 06:27 •  Қазақ тiлi

6-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қойып, жоспар құр.

Фантазия - өмірдің гүлді, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фанта-
зиясыз адам - тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді. Фантазия-
сыз жаңадан бір нәрсені ойлап табу мүмкін емес. Фантазия құлықты
түзейді. Біз құлықсыз адамның орнына өзімізді қойып, құлықсыз-
дықтан жиренеміз. Фантазия әдемілік сезіміне тереңдетеді: біз неше
түрлі әдеміліктерден фантазия арқылы Ләззат аламыз. Фантазиясыз
адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналады. Мылқау өмірге үн бе-
ретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді,
көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірімен тілдес-
тіретін – сол фантазия.
Қиял терең һәм бай болу үшін жанды суреттеулер көп болу керек.
Адам неғұрлым білімді, тәжірибелі болса, қиялы да сонша бай болмақ.
Міне, осы себептерден баланың қиялы терең, бай болсын десек, оның
білімді болуына иждиһат қылу керек. Бала тұрмыспен көзбе-көз та-
ныссын, оның есінде, жанында көп білім болсын, жан-жануардың тұр-
мысын бақыласын, жаратылыстың тұрмысымен таныс болсын. Міне,
сонда баланың қиялы өткір һәм бай болмақ.​

👇
Ответ:
kdominsk71
kdominsk71
23.03.2020

Тақырыбы - Фантазия

Жоспар:

1. Фантазияның маңызы

2. Фантазиясыз адам өмірі

3. Білімді, тәжірибелі баланың қиялы

4. Білімнің балаға тигізер пайдасы

4,8(56 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
anastasiagarap
anastasiagarap
23.03.2020
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.

Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
4,5(8 оценок)
Ответ:
sogoyantigran
sogoyantigran
23.03.2020
Тазалық – денсаулық негізі, 
Денсаулық – байлық негізі. 
Мақал

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. 
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну. 
Жеке бас тазалығының ережелері. 
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса; 
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу; 
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа; 
- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу; 
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл; 
-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел; 
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой; 
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келетін іс; 
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын; 
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн; 
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен; 
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл; 
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста; 
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт; 
- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой; 
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой; 
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын. 
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой. 
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
4,7(66 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ