ответ: Бақытты әркім әртүрлі түсінеді. Көбіне адамдар өзінің бақытты екенін уақытында сезбейді, бақыт басынан ұшып кеткенде ғана өкінеді. Бірінші бақыт адам үшін деннің саулығы. Денсаулықты ауырмай тұрып бағалай білу керек, оны ешқандай байлыққа сатып, ия айырбастап ала алмайсың. Ата-ана, бауырларың, отбасың таптырмайтын, іздесең қол жеткізбейтін бақыт, мұны да ешқашан ақшаға айырбастап ала алмайсың. Біздің дүниеге келгеніміздің өзі бақыт, айнала көре аламыз, аяғымызды тең басып жүре аламыз, ойымызды айта аламыз. Міне, осының бәрі бақыт. Қалғанының бәрін еңбектенсең ерінбесең, білім алсаң, адал болсаң тауып аласың. Бақытымызды қолда барда бағалайық.
Объяснение: сделай лучшим
2.Қазақ наурыз күні алғаш жауған жаңбырға басын тосады. Аспаннан нұр жауады деп біледі. Осылай істесе жылдар бойы басым ауырмайды, жолым жеңіл болады деп сенеді.
3. Қазақ наурыз күні үйіне қарлығаш ұшып кірсе, ерекше қуанады. Жыл құсы келді, шаңырағыма құт кірді деп ырымдайды.
4. Қазақ наурыз күні тырнақ алмайды, шаш қиғызбайды. Олай етсе, бас кесіледі, жол тысылады деп ырым етеді.
5. Қазақ наурыз күні көңілді жүреді. Біреумен ренжісіп қалудан қорқады. Себебі, жыл басында ренжісе, жыл соңына дейін ісім оңбайды деп ырымдайды.
6. Қазақ наурыз күнгі жауған қарды күремейді, сыпырмайды. Сыпырса, құрғақшылық болады деп сенеді.
7. Қазақ наурыз күні баласын ұрмайды, оған зекімейді, тек еркелетіп жүреді. Ұрса, зекісе бала меселі қайтады, яғни бақ байланады деп ырымдайды.
8. Қазақ наурыз күні ыдыс аяғын сылдырлатпайды, құт қазанда тұрады деп ырым етеді. Ыдыс-аяқ сылдырласа, құт үркеді.
9. Қазақ наурыз күні отқа сүйек тастап, күйдірмейді. Олай етсе, ата-баба әруағы шамырқанады.
10. Қазақ наурыз күні үйіне қыдырып келген баланы құр қол қайтармайды. Бала – бақыт, бала – бал, онымен бірге үйге бақыт кіреді. Бала үйден өкпелеп шықса, бақыт баламен бірге ілесіп кетіп қалады деп ырымдайды.