На русском или на казахском? Ауыз тию Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылды үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол "Қара шаңырақтың киесі қолдасын" деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса "күйеуің тастап кетеді", еркек болса "әйелің тастап кетеді" деп әзіл айтады. "Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа" деген мәтел бар. Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта "үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады" деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. Перевод на русский: Самое лучшее чувство на земле это - дружба. Найти друга легко, а сохранить его сложнее. У человека, который может быть настоящим другом будет много друзей и он никогда не будет чувствовать себя одиноким в мире. Дружба начинается с доверия. Если доверие есть, то их дружба будет сильнее.
сағат сегіз болды
сағат тоғыз болды
сағат оннан он бес кетті
сағат он бірден жиырма кетті
сағат он екіге он бес минут қалды
сағат бірге бес минут қалды