Әйелдерге саясатта орын жоқ.
Әйелдердің саясатқа араласуына қазіргі кезде кедергі жоқ деп есептеймін."Әйелдерге саясатта орын жоқ",-дегенге келіспеймін.Бұрынғы заманда ұлттық менталитетке байланысты әйелдің ошақ қасы,отбасында ғана орны болған.Әйел адам ұрпақ өсіріп,отбасында ұйытқысы болып отырған.Дегенмен ол кездеде аузы дуалы,ақылды,даналығы бір ауылды игеруге жететін, қазақ әйелдері болғанымен олар жоғары билікке көтерілмеген.Қазір заман басқа әйелдер жоғары билікке таласуға құқылы. Шет елдерде әйелдер жоғары билікке жеткен.Ұлыбритания примьер-министрі Маргарет Тетчер,Индияның примьер-министрі Индира Гандиді айтуға болады.Қазіргі таңда әйелге тең құқылық берілген.Қазақстандада мәжіліс депутаттығында әйелдер баршылық.Мысалы-Исимбаева Гүлмира,Қарақұсова Гүлжан,Иксанова Гүлнар т.б.
Қызылорда облысында тұңғыш әйел адам Гүлшара Әбдіқалықова әкім сайланды.Гүлшара Әбдіқалықова ҚР-мемлекет хатшысы.Әйтімова Бірханым -сенат депутаты.Осылардың барлығы -әйелдер қауымының саясатта орындарының бар екендігінің белгісі.Елімізде шет елде жүрген қаншама елші-саясаткер әйелдерде баршылық.Әйел-ана,әйел-қызметкер.Алда келе жатқан 8-март әйелдер мерекесіне орай әлемдегі,өз елімдегі әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап,еңбектеріне табыс тілеймін.Бір қолымен бесігін,екінші қолымен әлемді тербететін аналарымыз аман болсын.
Болашақты болжай білген бабалар.
Екі миллион сегіз жүз мыңдай шаршы квадратты алып жатқан қазақ елі болмысынынан кеңпейіл,қонақжай,батыр да батыл,дана халық екенін білеміз.Бұл қасиеттермен қатар қазақ халқының болашақты болжаушылық қасиеті де таңқалдырмай қоймайды. «Өткенді білмей,болашақты болжай алмайсың» демекші,әрине,болжау көпті көрген,білген адамның қолынан ғана келеді.Осыдан мындаған жылдар бұрын қазақ халқының басына небір нәубеттер түскенде ел жанашылары,белді тұлғалар елдің болашағын күңірене болжаған еді.Солай елдің ертеңін ойлаған Асан қайғы:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман азып, заң тозып жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Бабалардың дәурені тәмам болар,— деп таусылуы орынды еді.Қазіргі таңда он сегіз миллиондай халқымызбен ата - бабамыз тек жақсылыққа болжап кеткен дүниелерді жүзеге асырып жатқандығына мен сенемін.
ответ:экспо 2017 ғимараты керемет болған себеби ол жерде экология, жасыл энергия технология жайлы бари тусиндирилген айтылган
Объяснение: